Білім

СҚМУ-де студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Қажетті анықтаманы аз уақыттың ішінде алу мүмкіндігі. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де “Qyzyljar” студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Онда білім ордасының шәкірттері 7 бірдей құжат түрін оңай рәсімдемек. Болашақта мұнда көрсетілетін қызметтер санын қырыққа жеткізу көзделіп отыр.

 

Ендігі кезекте М.Қозыбаев атындағы СҚМУ шәкірттеріне бірнеше кабинетті аралап құжат рәсімдеудің еш қажеті жоқ. Олар бұдан былай бірқатар анықтама түрін мына жерде ала алады. Нақтырақ айтсақ, қажет дүниесін бірнеше минуттардан соң жастардың игілігіне берілетін “Qyzyljar” студенттерге қызмет көрсету орталығында жасатады.

Динара Серғалиева – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ “Qyzyljar” студенттерге қызмет көрсету орталығының әдіскері

– Негізі 7 қызмет түрлері болады. Олар: студенттерге анықтама , транскрипт беріледі. Дипломның тел нұсқасы мен қосымшасы рәсімделеді.

Бұдан бөлек, студенттерге оқудан шыққандығын растайтын анықтама мен басқа білім ордасына ауысу жайлы құжат та осында беріледі. Замануи орталықтың таспасын салтанатты түрде, университет проректоры Ербол Исақаев пен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Елена Степаненко қиды.

Жаңа орталықта 3 бірдей әдіскер жұмыс істейді. Міне, оқу орнынан анықтама алғысы келетін алғашқы студент те келді. Қажетті құжат сұратушыға ертең берілетін болды.

Орталыққа Сұлтанбек Сабырбаев та келді. Бұл студентке де жергілікті университетте оқып жатыр деген қағаз қажет екен. Мамандар оның жеке куәлігіндегі мәліметті компьтерге енгізіп, тиісті құжатты 5-ақ минуттың ішінде рәсімдеп берді. Орталықтың жұмысына жерлесіміздің көңілі толды.

Сұлтанбек Сабырбаев – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:


– Қызмет көрсету жүйесі маған ұнады. Енді алысқа бармай барлық құжатты осында жасататын боламыз.

Айта кетейік, “Цифрлы Қазақстан” жобасы аясында ашылған орталықта көрсетілетін қызмет түрлерін алдағы уақытта 40-қа дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Байболат  Култанов