Бизнес және экономика

Бәсекелестікті қорғау

Өткен жылы қара отын бағасын шарықтатқан көмір тасмалдаушы компанияларға айыппұл салынды. Бұдан бөлек, монополияны реттеу департаменті тағы бір тергеу жұмысын аяқтаған.

 

Өткен жылы дәл жалыту маусымы қызған шақта жұрт көмір таппай дүрбелеңге салынған болатын. Осыны пайдаланған қара отынды тасымалдаушылардың бағаны шарықтатып жібергені сол кезде көмір алғандардың есінде. Бірақ, бұндай әрекеттерге байланысты тексеріс жүргізген табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқытарын қорғау комитеті облыстық департаментінің мамандары бірқатар заңбұзушылықтарды анықтаған.

Жандос Ермағанбетов – Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқытарын қорғау комитетенің СҚО бойынша департаментінің басшысы:


–  «Отын ЛТД», «Юна ЛТД», «Азия и К» серіктестіктері мен «Турдыоглы» жеке кәсіпкерліктері бірінен соң бірі бағаны өсіріп жіберген. Сөйтіп, олардың әрекеттері бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіліп, бәсекеге қарсы келісілген іс-қимыл жасады деген айып тағылды. Тиісті айыппұл салынды. Тағы сұйық газ тасымалдаушы компаниялар, «Аль Нұр газ», «Алғыс газ», «Промгаз», «Райгаз» және «Рока» кәсіпорындары да осындай әрекеттерге барды деген айып тағылды.

Тексеріс барысында, соңғы екі компанияның бұндай заңбұзушылыққа жол бермегендігі анықталды. Ал өзгелері айыппұл төлеуге мәжбүр болған. Осылайша жыл басталғалы департамент жоғарыда аталған кәсіпорындардан мемлекетке 31 млн. теңге қайтарыпты. Мамандардың айтуынша, қателіктердің көпшілігі заңды жіті білмегендіктен орын алады. Сондықтан 2017 жылдан бері Кәсіпкерлік Кодексте хабарлама жіберу институты туралы норма енгізіліпті.

Жандос Ермағанбетов – Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқытарын қорғау комитетенің СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Бұл норма бизнеске әкімшілік кедергіні азайту үшін енгізілді. Сөйтіп, кәсіпорынның жұмысында заңбұзышылықты анықталған жағдайда, оларға олқылықты жою жөнінде хабарлама беріп, ескерту жасаймыз. Бұл айыппұл төлегеннен әлдеқайда жақсы әрине. Сөйтіп, өткен жылы департамент 5 хабарлама таратты. Биыл да сол 5 ескерту жасалды.

Үстіміздегі жылдың маусым айында Кәсіпкерлік Кодекске мемлекеттік органдарға да хабарлама жіберу институты енгізілді. Сөйтіп, монополияны реттеу департаментінің мамандары Петропавл қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөліміне хабарлама жіберген. Өйткені олар қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған тарифті бекіту үшін құжаттарды мәслихатқа жолдамай жүріпті. Ескерту жасалған соң, бұл олқылық реттеліп, сессияда тариф бекітілген.

Магжан Ахмадина