Құқық қорғау органдары

Кәмелет жасына толмағандар полицейлердің жіті назарында

Кәмелет жасына толмағандар полицейлердің жіті назарында. Тамыздың 27-нен Петропал қалалық ІІБ қызметкерлері республикалық “Жасөспірім” жедел алдын алу шарасы аясында рейдтік тексерістер ұйымдастырып жүр. Акция басталғалы бері тәртіп сақшылары түрлі бағыттағы 313 құқық бұзушылық фактісін тіркеген.

«Жасөспірім» жедел алдын-алу шарасының аясында тіркеуде тұрған бірқатар отбасылар, қаланың ойын-сауық орталықтары тексерілді. Аталмыш шара жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмай, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көше кезуінің алдын-алу үшін ұйымдастырылды.

Анастасия Свиридова – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ 2-ші бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторы:

– Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекстің 442-бабы, 2-бөліміне сәйкес түнгі уақытта қыдырып жүрген жасөспірімдер ұсталса, олардың ата-аналарына ескерту жасалады. Бұл әрекет қайталанған жағдайда, оларға айыппұл салынады.

Бірақ, рейд барысында бұл ережені елемеген 17 жасар жасөспірім ұсталды. Ол сағат тілінің 11-ден асып кеткеніне қарамастан, Қазақстан Конституциясы көшесінде қыдырып жүрген. Енді оның әрекеті үшін ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Полицейлер бозбаланы бірден кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізді. Барлығы, «жасөспірім» шарасы басталғалы бері тәртіп сақшылары түрлі бағыттағы 313 заң бұзушылық фактісін тіркеген.
 

Альмира Жетписбай