МТРА жаңалықтары

Семей полигонының жабылғанына – 27 жыл

The YouTube ID of https://www.youtube.com/embed/FPrrDCn7ciY is invalid.

Осыдан тура 27 жыл бұрын еліміз үшін тарихи шешім қабылданды. 42 жыл бойы ядролық сынақ жүргізіліп, қазақстандықтарға қайғы-қасірет әкелген Семей полигоны жабық деп жарияланды

 

Сәкен Қазанбаев 1970 жылдың желтоқсанында әскер қатарына алыныпты. Отан алдындағы борышын өтеуге қай жерге баратыны туралы бейхабар болған екен. Сапар Семей, 22 деген мекен жай бойынша аяқталды дейді азамат. Эшалонмен келген жас жігіттер өз міндетін ядролық сынақ өткізіліп жатқан алаңға барғанда ғана білген екен. Алайда, көрген-білгеніңді тіс жарып айтуға болмайды. Себебі, бұл – мемлекеттік құпия болды.

Сәкен Қазанбаев – “СҚО Семей полигоны” ҚБ мүшесі:


–  Денсаулыққа соншалықты зиян екенін біз ол кезде білген жоқпыз. Ешкім айтқан да жоқ. Өзара көп сөйлесуге рұқсат болмады. Жерасты жарылыстары кешкілік уақытта болатын. Біз машинада отырғанда, көлік тербелетін.

42 жыл бойы Семей облысы жер үсті және жер асты жарылыстарынан көз ашпады. Атомдық қарудың келтірген зардабы әлі күнге дейін сезілуде. Ресми мәліметке сүйенсек, сол жылдары 600-ден астам солтүстікқазақстандық жігіт Семей жерінде әскерде болған. Олардың бірқатары бүгінде облыстық “Семей полигоны” қоғамдық бірлестігіне мүшелік етеді.

Асхат Төлепбергенов – “СҚО Семей полигоны” ҚБ төрағасы:


–  Біздің аумақ Семей және Қарағанды облыстарының ауылдарынан 30-35 шақырым жерде болды. Олардың тұрғындары дәл қастарында жарылыстың болып жатқанын да білмейді. Бізден сұрайтын.

Бүгін ескерткіш алдына жиылғандар сынақ зардабынан көз жұмғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Биыл Чернобыль атом электр станциясы апатының салдарын жоюшыларға арналған ескерткішке Семей ядролық полигон құрбандарына арналып тақтайша орнатылған.

Эльмира Садвокасова