Қоғам

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру

Өңірлік коммуникациялар қызметінде кезекті брифинг өтті. Жиында қалалық әкімдікте былтыр іске қосылған “Ашық әкімдік” пилоттық жобасы туралы айтылды. Бүгінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнде жалпы 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Көбіне петропавлдықтар тұрғын үй кезегіне тұру, баспанаға мұқтаж екендігін растайтын анықтама мен мемлекеттік тұрғын жайды жекешелендіруге қатысты құжаттарды алу мақсатында жүгінеді екен. Осы құжаттарды жерлестеріміз Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан ала алады.

Эльмира Смағұлова – Петропавл қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнің бас маманы

– ТҮКШ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары ұсынатын анықтамаларды “Азаматтарға арналған үкімет” корпорациясынан алуға болады. “Ашық әкімдік” пилоттық жобасы тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруды көздейді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер арасында жемқорлық фактілерін болдырмауға бағытталып отыр.

 

Бахыт Садвокасов