Әр түрлі

Облыстық сотта жұмыс жиналысы өткізілді

Облыстық сотта жұмыс жиналысы өткізілді. Отырысқа Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов қатысты. Елордалық мейман алдағы уақытта өңірімізде бітімгер-судьялардың қатарын арттыру қажетігін айтты.

 

Бүгінде дамыған мемлекеттерде медиация институты жақсы жолға қойылған. Шетелдіктер азаматтық істердің басым бөлігін сотқа жеткізбей татуластыру әдісімен шешеді. Ал, Қазақстанда бұл бағыт бертін қолға алынған болатын. Аталған жүйе өңірімізде біртіндеп жүзеге асырылып келеді. Түрлі деңгейдегі сотарда медиация кабинеттері ашылып, бітімгер-судьялар тағайындалуда.

Сәкен Тілегенов – СҚО сотының бітімгер-судьясы:


– Өткен жылдан бері өңір соттары жанындағы медиация кабинеттерінде барлығы 250-ге жуық азаматтық іс бітімгерлік әдісімен оң шешімін тапты. Қазіргі таңда облыс орталығындағы сот ғимараттарында 3 бірдей медиация кабинеті ашылды. Олардың барлығы қажетті құрылғылармен жабдықталған.

Жұмыс жиналысына Жоғарғы Соттың жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы қатысты. Нұрсерік Шәріпов алдағы уақытта өңірімізде бітімгер-судьялардың қатарын арттыру қажетігін айтты. Отырыс барысында ІТ саласындағы соңғы технологияларды пайдалана отырып, шалғайда орналасқан тұрғындарға сот қызметтерін барынша қолжетімді ету жағы сөз болды. Жалпы, елордалық мейман облыстық фемиданың жұмысына жақсы баға берді.

Нұрсерік Шәріпов – ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

– СҚО соттарының жұмысы біркелкі. Ешқандай ауытқушылық жоқ. Тұрғындарға қызмет көрсету жағы оң жолға қойылған.

Жұмыс жиналысы марапаттау рәсіміне ұласты. Бірқатар фемида өкілі Қазақстан Конституциясы мерекесі қарсаңында “Мінсіз қызметі үшін”, “Сот жүйесінің үздігі” сынды ведомстволық медальдарға ие болды.

Берік Қасен