Құқық қорғау органдары

Интернет арқылы ұрлық жасаған азамат ұсталды

Үйінде отырып-ақ ақша ұрлаған. 30 жастағы Ресей азаматы арнайы компьютерлік бағдарлама жасап, жұрттың шотындағы қаржыны жымқырып келген. Ақшаларынан қағылғандардың қатарында солтүстікқазақстандықтар да бар. Оңай олжалы болудың жолын тапқан пысқайды тәртіп сақшылары «Hi-tech» арнайы жедел-алдын алу шарасы аясында қолға түсірді.

 

Мына азамат қарапайым ноутбуктың көмегімен әп-сәтте-ақ миллионер атанып шыққан. Тек түскен қаржы теріс жолмен келген. Пысықай арнайы компьютерлік бағдарлама ойлап тауып, оның көмегімен тұрғындардың есеп-шоттарындағы қаржыны өзінің және туысқандарының банк карталарына аударыпты.

– Я сам, самостоятельно создал программу.

 

 – Для снятия денег.

 

– С каких именно счетов?

 

– С любых. С номеров карт.

 

-Ну, понимаете, там такая ситуация: там уязвимости есть, во-первых.

 

 – Уязвимость чего?

 

– Уязвимость системы этой, банковских всяких-разных. Я пользовался уязвимостями этими.

Осындай жолмен пысықай 5 млн теңге қаржыны жымқырып үлгерген. Ұрыны полицейлер жедел іздестіру шараларының арқасында қолға түсіріпті. Тергеу барысында Ресей азаматының СҚО-да тұратын ата-анасына қонаққа келгені анықталды.

Жеңісгүл Бейсенбина – Петропавл қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкері:

– Аталған азамат бұрын «Алаяқтық» жасап істі болған. Қазір оның Алматы, Астана, Қарағанды қалаларында дәл осы сынды қылмыстарға қатыстығы анықталуда.

Қазір аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Егер азаматтың кінәсі дәлелденсе ол ҚР ҚК 190 және 188-баптары, яғни «Алаяқтық» және «Ұрлық» бойынша 5 жыға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Магжан Ахмадина