Денсаулық сақтау

“Солнечный” шипажайына жылына 900 адам қабылданады

Денсаулықты нығайтып, демалысты тиімді өткізу. Петропавл қаласындағы “Солнечный” шипажайы жылына 1000-ға жуық теріскейлікті қабылдайды. Сауығуға келгендердің арасында балалар, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар бар.

6 мезгіл тамақтандыру, спорттық жаттығулар, көңілді іс-шаралар мен ең бастысы – денсаулыққа пайдалы процедуралар. “Солнечный” санаторийінің ашылғанына биыл 31 жыл толыпты. Осы уақыт ішінде сауықтыру орны балғындар мен ересектерден босаған емес. Теріскейліктердің сүйікті шипажайында бүгін де 50 бала демалуда. Топ-топқа бөлінген олар қазір күн тәртібіне сай дәрігерлер мен медбике қабылдауларынан өтуде. Бірі фитобарда оттегі коктейлін ішсе, енді бірі иммунитетін нығайтып жатыр.

Қарлығаш Бекболат:


– Біз м
ұнда ешқашан жай жүрмейміз. Бос уақытымызда денемізді шынықтырамыз. Мәселен, тұзды бөлмеде емделеміз.

Қарлығаш Бекболат сауықтыру орнына келуді келесі жылы да жоспарлап отыр. Шипажайда өткізген бір апта ішінде ғана денсаулығының оңалғанын айтуда. Себебі, бұрымды күн сайын ағзаға пайдалы процедуралардың түр-түрін жасатады. Жалпы, жыл сайын «Солнечный» санаторийіне тыныс жолдарының патологиясы бар 700-ден астам қабала ем алуға келеді екен. Өйткені, бұл – аталған санатқа қатысты балғындарды сауықтыруға арналған өңіріміздегі жалғыз шипажай. Алайда, қараша айынан бастап жеткіншектерге демалыс орнына жолдама берілмейтін көрінеді.

Людмила Сизинцева – «Солнечный» шипажайының бас дәрігері:


– 2018 жылды
ң басынан бастап балаларды сауықтандыру үшін қаржы Денсаулық сақтау басқармасынан емес, медициналық сақтандыру қорынан бөлінетін болды. Алайда, соңғылары жеткіншектерді біздің шипажайға жіберуге қаражат жоқ дейді. Мамандар алдағы уақытта оңалту орталығын ашпақ ниетте. Бірақ, ол жерде күндіз барып процедураларды ғана алуға болады. Бұл аудандықтар үшін ыңғайсыз. Біздің санаторийге ем алуға келетіндердің 50 пайызы петропавлдықтар болса, қалғаны – елді мекен тұрғындары. Сол себепті, алдағы уақытта екі жаққа да қолайлы болатындай шешім шығарылатынына үмітім бар.

Дегенмен, санаторий ересектер үшін өз жұмысын жалғастыратын болады. Жылына мұнда денсаулығын нығайту үшін 200-ге жуық жерлесіміз келеді. Олардың басым бөлігі – ҰОС мен Ауған соғысының ардагерлері, мүгедектер мен зейнеткерлер. Ем алушылардың сырқаттарына байланысты арнайы бағдарлама жасалады. Мәселен, мынау – “Детокс” деп аталатын құрылғы. Оның көмегімен ағзаны тазартуға болады екен.

Ирина Илларионова – «Солнечный» шипажайының аға медбикесі:


– Детокс”
құрылғысы арқылы өкпе, бауыр, ұйқы безінен токсиндерді шығаруға болады. Процедура 30 минутқа жалғасады. Бар болғаны аяқты суға салып отыру қажет. Айта кеткен жөн, су түсінің өзгеруі арқылы да адамның бойындағы ауру туралы білуге болады. Мәселен, жасыл түске боялса – бауыр, ал қоңыр түсті болса өкпені дерт шалғанын білдіреді.

Санаторийге ем алып жатқандардың бірі – Александр Липовой. Петропавл қаласының құрметті азаматы денсаулығына байланысты мұнда жиі келеді екен.

Александр Липовой – Петропавл қаласының құрметті азаматы:


– Мені шипажай
ға ардагерлер кеңесінен жіберді. Бүгін соңғы күн. Денсаулығым әжептәуір нығайып қалды. Демалыс орнының мамандарына рахмет. Маған да, балаларға да өте жақсы қарайды. Болашақта мұнда балғындарды оңалтуға жібермейтіні өте өкінішті. Жеткіншектер ем алатын жалғыз санаторий болғандықтан, бұл мақсатқа қаржы бөлінсе жақсы болар еді.

Шипажайға ем алу үшін әдетте ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жіберіп тұрады екен.

Оралбек Жамалиев – қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі:


– Біздің бөлім қала тұрғындары үшін 17 мемлекеттік қызмет түрін ұсынады. Соның 9-ы мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтуға бағытталған. Яғни, бұл – құжаттарды рәсімдеу, мүедек арбамен қамтамасыз ету және сауықтыруға жөнелту. Соңғысы бойынша жыл басынан 388 адамға шипажайға жолдама берілді. Биыл аталған мақсатқа шаһар қазынасынан 39,2 млн теңге қарастырылды.

Мамандардың сөзінше, оңалтуға жыл соңына дейін тағы 200-ден астам адам жіберілмек. Оларға қаламыздағы «Транссиб» пен «Солнечный» шипажайларына жолдама беріледі.

Эльмира Садвокасова