Құқық қорғау органдары

2 күндік рейд барысында СҚО-да 1700-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді

Қауiпсiздiк белдігін тақпау, көлікті масаң күйде басқару. Облыс аумағында 2 күн бойы “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу шарасы өткізілді. Оның қорытындысы бойынша 1700-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген.

“Құқықтық тәртіп” операциясы аясында өңір полицейлері жолда көліктердің қозғалысын қадағалады. Екі күннің нәтижесі бойынша жол ережелерін бұзудың ондаған фактісі анықталған. 183 жүргізуші қауiпсiздiк белдігін тақпағаны, 28 -і көлікті масаң күйде басқарғаны үшін жауапқа тартылыпты. Сондай-ақ, рейд барысында тәртіп сақшылары қала учаскелері мен қоғамдық орындарда кезекшілік атқарды. Көпқабатты үйлердің аулаларын да бақылауда ұстады.

Саят Ибраев – СҚО ІІД жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің инпекторы:

 – Құқықтық тәртіп” іс-шарасы қоғамдық жерлердегі құқықбұзушылықтарды азайтуға бағытталған. Шаһар полицейлері 2 күн бойы күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді. Рейд барысында облыс орталығынан бөлек, елді мекендерде де кезекшілік жұмыстары жүзеге асырылды.

Екі күннің ішінде облыс аумағында 1702 құқықбұзушылық фактісі тіркелді. 208 тұлға -қоғамдық орындарда масаң күйде, 68-і ұсақ бұзақылықтармен ұсталды. Сонымен қоса, ел аумағында келу тәртібін бұзған 14 шетел азаматы анықталыпты.

Молдир Макишева