Құқық қорғау органдары

Кадрлық қызметті жетілдіру

Кадрлық қызметті жетілдіру. Облыстық ішкі істер департаментінде бұл іске ерекше көңіл бөлінеді. Сол себепті, мұнда үздік мамандарды анықтау үшін арнайы эксперимент жүргізілген.

Полиция қызметкері үшін мойнына жүктелген істі дұрыс әрі жылдам атқару аздық етеді. Тәртіп сақшысы тағы жауапкершілігі жоғары, батыл, заңды жақсы білетін болуы керек. Мұны жиынға қатысқандар айтып отыр. Біліктілікті арттыру жайы қарастырылған отырыста тағы шетелдіктермен және азаматтығы жоқ жандармен қалай жұмыс істеу керектігі айтылды. Учаскелік инспекторлардың міндеті мен қарапайым полиция қызметкерлерінің киім үлгісі жайлы да сөз болды.

Саят Ибраев – СҚО ІІД ЖПҚ бөлім бастығы:

– Нарядқа шығатын қызметкерлеріміз арнайы киім киеді. Ол жыл мезгіліне байланысты ауысып отырады. Тәртіп сақшылы әрқашан таза әдемі киінуі тиіс. Тағы үнемі өзімен бірге жүргізушілік және жеке куәлігі, арнайы жетоны, қызметтік кітапшасы, жүретін бағытының картасы, қаруы, резеңке таяқша, ысқырғышы болуы тиіс. Онымен қоса, полицей бейнетіркегіш, кісен, радиостанция, фонарь, қалам, қарындаш және планшетін де алып жүргені абзал.

Ұйымдастырушылық қабілет және тез шешім қабылдай білу. Бөлім бастығы осындай қасиеттерге ие болуы тиіс. Ал, білікті жетекші демалысқа кеткенде оның орнын кім басады? Лайықты жанды бастықтың орнына отырғызу үшін өңірде эксперимент жүргізілген болатын. Яғни, басшылардың міндеті кадрлық резервте тұрғандарға жүктеліпті. Ал, істе шикілік шықпас үшін, олар оқыту семинарларына қатыстырылған.

Руслан Тасимов – СҚО ІІД кадрлық жұмыс басқармасы бастығының орынбасары:

 – Жыл басынан бері біздер кадрлық резверте тұрғандармен екі рет оқыту семинарын өткіздік. Оның алғашқысы наурыз айында ұйымдастырылды. Сол кезде тергеу, жедел кримининалистика басқармаларының жоғарғы лауазымға лайықты қызметкерлерін оқыттық. Ал, бүгіндері жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция, көші-қон басқармасы мен күзет қызметінде жүргендерге дәл сондай семинар өткізіп отырмыз.

Жалпы, облыстық ІІД-інде кадрлық жұмысты жетілдіруге баса мән беріледі.

Магжан Ахмадина