Әр түрлі

Жылжымайтын мүлік түрлерін тіркеу үрдісі жеңілдетіледі

Жылжымайтын мүлік түрлерін тіркеу процесі жеңілдетілуде. Аталған үрдіс 3-тен бір жұмыс күніне дейін қысқартылды. Бұрынғыдай жеке және заңды тұлғалардан басы артық құжаттар, нотариалдық кеңселерден анықтамалар сұратылмайды. Аталған функциялар биыл шілденің 30-ынан бастап “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттiк корпорациясының филиалдарына берілді.


Жәнібек Қамбаров – “Азаматтарға арналған үкімет” МК» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары :


– Шілденің 30-ынан “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттiк корпорациясының қалалық филиалдарында 924 жылжымайтын мүлік – қағаз түрінде, тағы 310-ы электрондық форматта тіркелді. Оған қоса 183 жылжымайтын мүлікке арест салынды.

Әділет департаментінің мамандары заңдағы оң өзгерістер қызмет сапасын жақсарта түсеріне сенімді.

Татьяна Горичева – СҚО әділет департаментінің бөлім басшысы:


– Заңдағы өзгерістерге сәйкес, алдағы ауқытта тіркеу үрдістері біршама қысқартылады деп күтілуде. Өтініштерді қабылдау, қызмет алушының қолтаңбасын тексеру, мемлекеттік баж салығын төлеу. Мұның бәрі біріктіріледі. Яғни, қызмет алушы жылжымайтын мүлігін тіркеу үшін бұрынғыдай көп уақыты мен қаражатын шығындамайды.

Биыл өңірдегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жылжымайтын мүліктерді тіркеу жөнінде басқармалар құрылды. Осы іспен қалада – 6, аудандарда 18 маман айналысатын болады.

Берік Қасен