Қоғам

Озерное ауылында католик жастарының мейрамы өтуде

Тайынша ауданындағы шағын ғана Озерное ауылы елімізге өзінің терең тұнық тарихымен танымал. Нақ осы елді мекенеде «Қазақстан жұлдызы» алтарі орналасқан. Ол “Бейбітшілік патшайымы” приходына осыдан 4 жыл бұрын қойылған екен. Титаннан құйылып, сапалы алтынмен әшекейленген табыну қабырғасы Киелі картаға енгізіліпті. Жылда осы жерде тамыз айында үлкен мейрам ұйымдастырылады.


Войцех Матушевский – “Мария – Бейбітшілік патшайымы” Ұлттық ғибадатханасының настоятелі:


– Бұл күні барша әлемнің католиктері Құдай ананың о дүниелік болған күнін атап өтеді. Биыл біздің храмның аластатылғанына 25 жыл толып отыр. Тағы Озерное ауылында католик жастарының мейрамы осымен 20-шы рет өтуде. Бұл мерекелердің біздер үшін маңызы зор. Сондықтан, алыстан келген қонақтар, Ватиканның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Фрэнсиз Ассизи Чулликатт пен Астанадағы Әулие Мария Рим-Католик Архиепархиясының Архиепископы Томаш Пэтаға алғысымыз шексіз.

Жиында сөз сөйлеген қос мейман бұл жердің ерекше қасиеті бар екендігін айтуда.

Фрэнсиз Ассизи Чулликатт – апостолдық нунций, Ватиканның Қазақстан Республикасындағы Елшісі:


– Мен Қазақстанға 2 жыл бұрын келгенмін. Сол уақыттан бастап елдегі барлық католик шіркеулерінде болдым. Әрқайсысының өз құдыреті бар. Озерное ауылы біздің рухани байлығымызды сақтап отырған жер сияқты көрінеді.

Бұдан соң, барша жиылған католиктер Құдай анаға құлшылық етіп, шіркеу қызметкерлері барлығына қасиетті су бүркіді. Жастар мұндай діни шаралардан көп рухани азық алады дейді жыл сайынғы слетты ұйымдастырушы Жан-Мари Сетту.

Жан-Мари Сэтту – дін қызметшісі, Лозана қаласы, Швейцария:


– Мен 1998 жылы Озерное ауылының маңындағы шоқыдағы Крестті аластау рәсіміне қатыстым. Сол кезде осы жердің католиктерімен танысып, араласып кеттім. Жастар жағы менің швейцарлық екенімді біліп, ылғи шіркеу әндерін айтқызатын. Содан мен олардың жастарға қызықты екендігін түсініп, жыл сайын слет ұйымдастыруды шештім. Мұнда уағыздар мен танымдық әңгімелер айтылады.

Діни шаралардан бөлек, мұнда жастарға түрлі ойындар да ұйымдастырылады. Айта кетейік, биылғы слетке Қазақстаның түпкір-түпкірінен 200-ден астам жас қатысуда. Олардың кейбірі мұнда бірнеше жылдан бері келеді екен.

Алевтина Самусева слет қатысушысы, Астана қаласы:


– Мен мұнда 9-шы рет келіп отырмын. Маған бұл жер ұнайды. Өзгелер сияқты емес, өте тыныш. Әр жыл сайын жаңа ақапар білемін. Әлемде болып жатқан нәрселерге жаңа көзқараспен қараймын. Бір сөзбен айтқанда, рухани байып қайтамын.

Виталий Корженевский – слет қатысушысы, Тайынша ауданы:


– Келген сайын жаңа адамдармен танысып, дос табамын. Бұл жерде біз өзіміз кезігетін қиындықтар туралы айтып, проблемаларымызбен бөлісеміз. Діни қызметкерлер оларды шешу жолдарын айтады.

Ал, слет аяқталардан бір күн бұрын жастар шіркеу қызметкерлерімен бірге шоқы үстіндегі Крестке шеру жасайды. Ол бұл жерге тектен тек орнатылмаған екен. Ескерткіш саяси қуғын-сүргін жылдары қаза болғандарды еске алу үшін қойылыпты.

Магжан Ахмадина