Қоғам

Тамыздың 21-і Құрбан айт мейрамы басталады

Құрбан айт – Ислам дініндегі ұлық мейрамдардың бірі. Бұл күні адамдар жасаған сауапты істері арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түседі. Мерекенің алғашқы күні таңғы сағат 7-де өңіріміздің барлық мешіттерінде айт намазы оқылады.


Мұхаммадзахир Мирзаев – “Қызылжар” облыстық орталық мешітінің наиб имамы:

– Бұл күні спорттық іс-шаралар өтеді. Сондай-ақ, қала тұрғындарына айт шайы беріледі.

Айт күндері шамасы келетіндерге құрбандық мал шалу – парыз. Және бұл рәсім міндетті түрде Айт намазынан кейін орындалуы керек. Бұл мақсатта Жұмысшы кентіндегі Космонавт көшесі, 1 мекен-жайында арнайы орын әзірленген. Дін өкілдері құрбандыққа шалынатын төрт түліктің жасы мен денсаулығына аса мән беру керек дейді. Мысалы, сойылатын қойдың жасы 6 айдан кем болмауы тиіс. Ақсақ-тоқсақ, көзі соқыр және құлағында шорт кесілген ені бар малдарды да таңдамаған жөн.

Мұхаммадзахир Мирзаев – “Қызылжар” облыстық орталық мешітінің наиб имамы:

– Қой, түйе және қара малды құрбандыққа шалуға болады. Кейін шариғат заңы бойынша оны үш бөлікке бөліп, құрбан шалған адам екі бөлігін туыстары мен көмекке зәру жандарға үлестіреді.

Айта кеткен жөн, биыл елімізден 3 мыңнан астам адам Меккеге қажылыққа аттанды. Олардың 4-уі – солтүстікқазақстандықтар. Сондай-ақ, мұсылман қауымы үшін жағымды жаңалық. Құрбан айт мерекесінің 3-ші күні, яғни, тамыздың 23-і 19-шы ықшам ауданында орналасқан жаңа мешіт ресми түрде ашылады.

Молдир Макишева