Әр түрлі

Электронды-цифрлы қолтаңба кілтінің жарамдылық мерзімі ұзартылды

Қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды-цифрлық қолтаңбаны 2005-ші жылдан бері ала бастаған. Алғашында, электрондық кілтті рәсімдеушілердің саны санаулы ғана болса, қазірде бұл қызметке 6 млн-нан астам отандасымыз қол жеткізген.


Максим Лунев – “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ СҚФ департаментінің жетекші маманы:


– Тамыздың ортасынан бастап электронды-цифрлық қолтаңба кілтінің жарамдылық мерзімі 3 жылға ұзартылып отыр. Бұған дейін рәсімделгендерінің уақыты сол күйінде, яғни 1 жыл көлемінде қала бермек. Себебі, олардың файлдық жүйесі сертификатталғандардың санатына жатпайды. Оның үстіне жабық кілттердің қорғанысы кейбір кибершабуылдарға төтеп бере алмайды.

Электронды-цифрлық қолтаңба кілтінің жарамдылық мерзімін ұзарту азаматтардың қолайлығы үшін жасалып отыр.

Максим Лунев – “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ СҚОФ департаментінің жетекші маманы:


– Аталған жаңашылдық қызмет алушы барлық заңды және жеке тұлғаларға қатысты. Жаңашылдық тұрғындардың уақытын үнемдеуге септеседі.

Жалпы, бүгінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тұрғындарға 453 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

 

Бахыт Садвокасов