Әр түрлі

Петропавлда контрафактілік тауарлардың көзі жойылды

Жүк көлігіне тиелген мына арақ-шарап өнімдері көлеңкелі жолмен өндіріліп, еліміздің дүкендерінде саудаланбақшы болған. Абырой болғанда, Ресейден елімізге заңсыз өткізілмек болған алкогольдік ішімдіктер шекарада анықталып, дер кезінде жолы кесілді.


Бірер сәттен соң контрафактілік 57 жарым мыңнан астам бөтелкенің ішіндегісі кәрізге құйылды. Босаған құтылар еліміздегі арақ өндіретін зауыттарға қайта өңдеуге жөнелтіледі.

Дулат Қожанов – СҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім басшысы:


– Ел аумағына енбек болған бизнес иесінің / тасымалдаған тауарына тиісті құжаты болмаған. Оның үсіне бөтелкелердің акциздік таңбасы жоқ. Бүгін контрафактілік өнімдерді сот шешіміне сәйкес жойып жатырмыз.

Қазіргі уақытта қитұрқы ойын іске асыра алмаған кәсіпкер түзету мекемесінде жазасын өтеуде. Сот шешімімен ол бірнеше жылға бас бостандығынан айырылған. Сонымен қатар, әккі бизнесменнің арақ-шараптары тиелген жүк көліктері де мемлекет есебіне тәркіленіпті.Осы күні ірі көлемдегі арақ-шарап өнімдерінен өзге 470 қорап темекінің күллі көкке ұшты. Шаһардағы сауда орындарынан жақында алынған шылымдардың акциздік таңбалары болмаған.

Бахыт Садвокасов