Құқық қорғау органдары

Тергеушілер құжаттарын электрондық форматқа ауыстыруда

Қарапайым тергеудің өзі біраз уақыт алады әрі оны басынан аяғына дейін жүргізудің машақаты көп. Мамандар бір істі ашу үшін 50 шақты құжат жинайтын көрінеді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, «Е-қылмыстық іс» жобасы аталған проблемаларды шешуге септеседі. Тергеушілердің шаруасы жеңілдеп, жұмыстарының мөлдірлігін қамтамасыз етеді. Жуық арада жапа шегушілер де тергеу ісінің жүргізілу барысын онлайн тәртіпте бақылау мүмкіндігіне ие болады.

Раушан Бакеева – СҚО ІІД анықтау басқармасының аға анықтаушысы:


– «Е-қылмыстық іс» жобасы Елбасының тапсырмасы бойынша іске қосылды. Аталмыш бағдарлама арқылы өндірістік істердің орындалу деңгейін қадағалап отыруға болады. Яғни, қылмыс тіркелген күннен бастап оған үкім шыққанша дейін құжаттар базада сақталады.

Арнайы компьютерлер мен саусақ іздерінің биометрлік сканері. Аталған қондырғылармен облыс орталығында әзірге 10 тергеу орны жарақталыпты.

Раушан Бакеева – СҚО ІІД анықтау басқармасының аға анықтаушысы:


– Қазіргі таңда облысымызда 371 қылмыстық іс электрондық үлгіде тіркелді. Өндірісте болған 166 іс аяқталды. Қалғаны сотқа жолданды.

«Е-қылмыстық іс» жобасын іске асыруда аудандардың арасында жамбылдық тәртіп сақшылары көш бастап келеді. Басқаларында қылмыстық істерді сандық форматта жүргізу ісі баяу.

Берік Қасен