Қоғам

Өңірімізде үздік әлеуметтік жобалар анықталды

“Үздік әлеуметтік жоба” байқауы өңірімізде шілденің 16-сы мен 31-і аралығында өткізілген болатын. Конкурсқа қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдар, коммерциялық мекемелер қатыстырылыпты.


Болат Данияров “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасының орынбасары:


– Жалпы өңірімізден байқауға 19 жоба қабылданды. Барлығы да қызықты. Әлеуметтік жобалар мұқтаж адамдардың проблемаларын шешуге бағытталған.

Комиссия мүшелеріне жеңімпаздар мен жүлдегерлерді таңдау оңайға соқпапты. Өйткені, қызықты әрі мүмкіндігі шектеулі жандарға пайдалы жобалар аз болмаған. Осылайша, шағын аудиторияна қарастыратын жобалардың авторларына сертификаттар мен 50 мың теңгелік гранттар табысталды. Ақшалай сыйлық ақыға ие болғандардың бірі – Лилия Богер. Нәзік жанды “Үздік әлеуметтік жоба” байқауына “Біз жаныңдамыз” жобасын ұсыныпты. Аталмыш бағдарлама жалғыз басты әйелдерді қолдауға бағытталған.

Лилия Богер – Мамлют ауданының тұрғыны:


– Біз мұндай жандарды назардан тыс қалдырмаймыз. Мереке күндері ашық хаттар жолдап, үйлеріне барып көңілдерін аулаймыз. Кейбір нәзік жандылар бедеуліктің кесіренен жалғыз қалған. Басқалары туыстарынан айрылыпты.

Марапаттау рәсімінде кезек жүлдегерлерге келіп жетті.

Жүлделі орынға лайық деп танылған жоба авторларының бірі – жарымжандарға қол протезін жасауды көздей. Тағы бір жоба дамуында ауытқушылығы бар балаларға бағытталған. Жүлдегерлерге 500 және 700 мың теңгенің ақшалай сертификаттары табысталды. Ал Ақжан Кәрімнің ұсынысы өзгелерінен ерекшеленді. Оның бағдарламасы мейлінше көп адамды қамтуды көздейді. Талапты азамат өңірімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытқысы келіп жүр.

Ақжан Кәрім – «АРДОС-Жүрек» мүгедектер бірлестігі» ЗТБ директоры:


– Мен жастарға әлеуметтік жобаларды құруда қол ұшын бергім келеді. Бұл жобалар адамдарға пайдалы бірақ, қаржылық жағынан мемлекетік органдарға тәуелді болмауы тиіс. Жобамның маңыздылығы артып, бүкіл республикаға тараса деген тілегім бар. Студенттерге әлеуметтік жобаларды дұрыс жасауды үйретеміз. Жастардың құқықтық, қаржылық сауатылықтарын арттырамыз. Оларға өз бетінше қаржы табу механизмдерін үйретеміз.

Ақжан Кәрім “Үздік әлеуметтік жоба” байқауының жеңімпазы атанып, 1 млн теңгенің сертификатын иеленді. Енді ол бұл бағдарламасын Астанаға барып, республикалық комиссияның алдында қорғамақ.

Берік Қасен