Құқық қорғау органдары

Ресейде іздеуде жүрген 6 азамат облыс аумағында ұсталды

Қазіргі таңда облыстың тәртіп сақшылары мен көрші елдің Қорған, Омбы және Түмен облыстарының полицейлері арасында шекарааралық ынтымақтастық дамып келеді. Мәселен, жуырда Қызылжар ауданының тәртіп сақшылары 39 жастағы тұлғаны тұтқынға алған. Бұл азаматқа бұзақылық әрекеттері үшін Қорған облысының Шадринск қаласында іздеу жарияланыпты. Тергеу амалдарынан соң құқық қорғаушылар сезіктіні Ресейге жіберді.

Пётр Климов, СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы:

– Ресей елінен іздеуде жүргендер туралы бірталай хабарламалар келіп түсті. Біз барлық есепке алу тізімі мен базаны тексеріп шықтық. Кейбірінің мекен-жайын анықтадық. Жедел-іздеу шараларының нәтижесінде облыс бойынша 6 қылмыскер ұсталды. Олардың қатарында Ресей аумағында заңсыз көші-қон ұйымдастырушылар, алаяқтық жасаған тұлғалар және шекараны заңсыз кескендер бар.

Ал керісінше Қорған облысының Макушино қаласында ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүрген бір қазақстандық ұсталды. Қылмыскер осыған дейін де жауапкершілікке тартылған екен. Бірақ мерзімінен бұрын шартты түрде босатылып, ескі әдетіне қайта оралған. Қазір күдікті сол қаладағы уақытша ұстау изоляторында отыр. Көп ұзамай азамат жергілікті тәртіп сақшыларына тапсырылады.

Молдир Макишева