Есіл ауданы 90-жылдығын тойлады

Аптадағы маңызды жаңалықтар

14:05 6 Тамыз 2018

Бүгінде 90 жылдығын тойлап отырған Есіл ауданы тек 1997 жылы ғана қазіргі атауын алған. Алғашқы құрылған 1928 жылы Лениннің есімін иеленген аудан, кейін Мәскеудің құрметіне аталды. Бұл уақыттың ішінде талай танымал тұлғаны түлетіп ұшырған ауданда қазіргі таңда 20 мыңға жуық адам тату-тәтті өмір сүруде.
Явленка ауылында өткен дүбірлі тойдың ашылу салтанатында аудан жұртшылығын облыс әкімінің атынан Владимир Бубенко құттықтады.

Владимир Бубенко – облыстық мәслихаттың хатшысы:


–  90-жылдық мерейтойларыңызбен облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан шын жүректен құттықтаймын. Бұл атаулы күннің Сіздер үшін маңызы зор.
Осы датаға дейін тарихта қалған ауданның көптеген азаматтары мен олардың еңбектері ел есінде. Есілдіктер қашан да туған топырағын ұмытпайды, қастерлейді, демек бұл ауданның алдағы болашағы зор.

Кейін осы өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға “ауданның құрметті азаматы” мәртебесі берілді. Бұндай ардагерлердің қатарында Кемеңгер Әмрин де бар. Ол осы ауданда 9 жылдай ауыл шаруашылығы бөлімін басқарған.

Кемеңгер Әмрин – зейнеткер, Есіл ауданының құрметті азаматы:


– Бүгінгі Есіл ауданында өтіп жатқан мерейтой бәрімізге ортақ. Бүгін мен әкімнің қолынан “ауданның құрметті азаматы” деген атақ алдым. Сол үшін барлық тұрғындарға алғыс білдіремін. 1987 жылдан 1997 жылға дейін мен ауыл шаруашылығы басқармасында қызмет атқардым. Ол кездері қиын болды, бірақ соған қарамастан біз ауыл шаруашылығын өңдіріп, дамыттық.

Сонымен қатар, елім деген азаматтарға торқалы той күні облыс және аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды. Осылайша, ұзақ жылдар бойы ауданға жетекшілік етіп, оның дамуына үлес қосқан ешбір жан қошеметсіз қалмады. Солардың бірі – Есіл ауданында 55 жылдай еңбек етіп келетін журналист-өлкетанушы Михаил Ключеров.

Михаил Ключеров – журналист-өлкетанушы, Есіл ауданының тұрғыны:

– Мен 55 жыл бұрын Украинадан жұмыс сапарымен Есіл ауданына келгенмін. Есіл өңірі – өзен-көл мен ормандарға бай өлке. Мен осы Есілдің табиғаты мен оның халқына ғашық болдым. Осылайша, 35 жылдан астам уақыт бойы аудандық “Есіл” газетінде еңбек етудемін. Осы жылдар аралығында көптеген жергілікті тұрғындармен тілдесіп, олар туралы мақалалар жаздым. Менің Есіл өңірі жайлы 30-ға жуық туындым жарыққа шыққан.

Салтанатты шарада театрландырылған көріністер қойылып, ән мен биден шашу шашылды.
Ал Явленка ауылының «Есіл» стадионында көшпелі көрме ұйымдастырылып, жұртшылық назарына жергілікті мұражайлардан жеткізілген жәдігерлер ұсынылды. Олардың арасында құрақ көрпе, суретшілердің туындылары, тастан жасалған бұйымдар да бар.
Ал, мына жерде қаз-қатарлап киіз үйлер тігілді. Мұнда ауданның әрбір селолық округімен танысуға болады. Есілдіктер түрлі ұлт өкілдерінің киімдерін киіп, олардың ұлттық тағамдарын дайындап, ән мен билерін шырқап, халықтың көңілін көтерді.

Ауданның 90-жылдығын атап өтуге арнайы келгендердің қатарында Фарида Қасымова да бар. Нәзік жанды бұл ауданның әкімшілігінде 3 жылдай еңбек еткен екен. Бүгінде Алматыда тұратын жерлесіміз атамекенін жиі-жиі сағынып еске алатынын айтады.

Фарида Қасымова – мейман:


– Аудандағы 3 жыл өмірім, керемет өтті. Жұмыстағы адамдар барлығы жақсы болатын. Ұжым тату, қызметкерлер бір-бірін шынайы сыйлайды.

Бір ғасырға жуық жасаған ауданның бүгінгі тұрғындары оның әрі қарай дамып, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруын тіледі. Бастысы, басшасы бір адамдай осы жерде туып-өскендерін мақтан тұтатындарын айтады.

Торқалы тойда көрмеден бөлек спорттық ойындар да ұйымдастырылды. Есілдіктер армрестлинг, гір көтеруден мықтыны анықтап, шағын футболдан сынға түсті. Сондай-ақ, балуандар өзара белдесіп, бірнеше салмақ дәрежесі бойынша мықтыларды анықтасты. Жарыс соңында жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды.

Альмира Жетписбай

Бұдан әрі оқыңыз

Түлектерді жұмыспен қамту сылбыр жүргізілуде
Ботаникалық бақ жөнделіп жатыр
Кейбір отбасылар әлі күнге дейін АӘК-ге қол жеткізе алмай жүр
Арнайы репортаж
“Якорь құс фабрикасы” серіктестігінде жаңа корпус іске қосылды
“Nur Otan” партиясы фракциясының отырысы өтті
Омбыда өткен ынтымақтастық форумының нәтижелері
СҚО-да әлеуметтік нан қымбаттамайды
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың санын азайту керек
Жамбыл ауданында атқарылған шаруалар
Университеттің статусы өзгерді
Емдеу мекемелері біріктірілуде