Ауа райы

Тамыз айында ауа-райы жылы болмақ

Тамыз – жаздың соңғы айы. Жылдың бұл мезгілімен қоштасатын уақыт жақындағанымен қалалықтар тамызда да жылы күндер мол болса дейді.

– Тамыз ыстық болады деп үміттенемін. Жақында демалысқа шықтым. Күн жылы болса, жастар кешке көбірек серуендей алады. Жылы ауа-райы бәрімізге керек.


–  Тамызда ауа райы жылы болады деп ойлаймын. Жаздың соңғы айында көбірек жағажайда дем алғым келеді. Мектепке бармай тұрып, жақсы демалу қажет.

Жерлестіріміздің шілдеге айтар өкпелері жоқ. Биылғы жаздың екінші айы теріскейліктерді біраз жайма-шуақ күндерімен қуантты. Синоптиктер тамыз айында да жағажайда дем алып, күн шуағына қыздырынудың реті келеді дейді. Себебі, үстіміздегі айда ауаның орташа айлық температурасы +18 градус шамасында болмақ.

Жанбота Нұртазина – “Қазгидромет” РМК СҚОФ инженер-синоптигі:


– Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде 7-12 градус жылыдан, 15-20 градус жылыға дейін, кей жерлерде 30 градус жылыға дейін жоғарылайды.

Ал тамыздың 10-ы мен 20-сы аралығында ауа температурасы күндіз +27 ден +32 градусқа дейін көтеріледі. Ал үшінші онкүндікте кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Батыстан соққын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшеюуі мүмкін. Соған қарамастан, жылы күндер сақталмашы.

Жанбота Нұртазина – “Қазгидромет” РМК СҚОФ инженер-синоптигі:


– Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде 10-15 градус жылыдан, 20-25 градус жылыға дейін, күндіз 20-25 градустан, 26-31 градус жылыға дейін ауытқиды.

Синоптиктердің көп жылдық байқауы бойынша тамыз айындағы ең жоғары температура 1952 жылы байқалыпты. Ол жылы сынап бағанасы 38 градусқа дейін көтерілген. Ал ең суық температура 1971 жылы 26 тамызда тіркеліп, – 0,5 градусты құрапты.

Тогжан Акмагамбетова