Балалар

5-ші тамыз – Халықаралық бағдаршам күні

Велосипед мен самокатты тізгіндеген мына бүлдіршіндер бағдаршамның әр белгісіне мұқият назар аударуда. Өйткені, жол қателікті кешірмейді. Кенеттен қызыл, сары-жасылды шамдар істен шықты. Бірақ, жүргіншілерге бірден құлтемір көмекке келді.

Осылайша, бірер сәтте жол қозғалысы қайта ретке келді.

Мәлика Жиенбай – “Алтын бесік” балабақшасының тәрбиеленушісі:

– Мен жолда жүру ережесін білемін. Оны маған балабақшада үйретеді.


Ерасыл Мырзажанов – “Алтын бесік” балабақшасының тәрбиеленушісі:


– Мен жолда жүру ережесін білемін. Қызыл жанса тұру керек, сарыда тосып, ал жасыл түстіде жүре беруге болады. Міне, осылайша, мен бағдаршамнан өтемін.

Міне, осы кішігірім ғана көріністе балғындар жолда жүру ережелерін жақсы білетіндіктерін іс жүзінде дәлелдеп шықты. Олардың барлығы балабақша қабырғасында арнайы дайындалған бағдарлама аясында жолда жүріп-тұру тәртіптерін үйренеді екен.

Еркін Кабдулбариев – “Алтын бесік” балабақшасының қызметкері:

 

– Жалпы жолда жүру ережесі бойынша арнайы авторлық бағдарлама бар. Оқу жоспарына құрылған. Соған байланысты балабақша аумағы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, халықаралық бағдаршам күніне орай “Алтын бесік” балабақшасының тәрбиеленушілері түрлі таппақтар мен әндер айтып, жұмбақтар шешті. Бүгінде осы мектепке дейінгі білім беру мекемесінде 350 ұл-қыз тәлім-тәрбие алады.

Тогжан Акмагамбетова