МТРА жаңалықтары

ҚР паспортын 7 жұмыс күні ішінде алуға болады

Паспортты немесе жеке куәлікті алу үшін бұрынғыдай жарты ай күтудің қажеті жоқ. Алғашқысын жетелдетіп рәсімдеу үшін мемлекетке 19 240 теңгеден бөлек, қосымша 1 116 теңге баж салығын төлеп, 7 жұмыс күнінен кейін дайын паспортқа қол жеткізуге болады. Одан ертерек, 3-не 5 күннің ішінде алғысы келетіндерге салықтың мөлшері басқаша.

Айдана Аяпбергенова – СҚО ІІД көші-қон қызметі басқармасы бөлімшесінің инспекторы:

– І-дәреже бойынша 4983 теңге, ІІ-дәреже бойынша 2752, ІІІ-дәреже бойынша 1116 теңге баж салығы алынады. Төлемақыны азаматтар банктерде және төлемді жүзеге асыратын өзге ұйымдарда төлей алады. Қалыпты тәртіпте құжаттарды 15 күнтізбелік күннен кейін дайын болады.

Паспорт 10 жылға жарамды. Қазір тұрғындардың кейбірі мерзімі аяқталған құжаттарын жаңасына алмастыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгініп жатыр. Солардың бірі – Ерлан Жамантаев. Саудагер жерлесіміз жұмыс бабымен шет елдерге жиі шығып тұрады екен. Бүгін ол паспортты қысқа мерзімде жасатуға болатынын естіп, қуанып қалды.

Ерлан Жамантаев – қала тұрғыны:


– Бір жұмыстарымен шетелге асығыс кететін адамдар бар. Сондықтан қысқа мерзімде құжат жасату жақсы болды.

Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында паспортты бір күннің ішінде-ақ алуға болады. Себебі паспортты шығаратын полиграфиялардың барлығы сол қалаларда орналасқан. Ал облыстық көші-қон басқармасы жыл басынан 22 мың адамға жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеп беріпті.

Берік Қасен