Құқық қорғау органдары

Зираттағы азагүлдерді ұрлаған баукеспе ұсталды

Бірер апта бұрын ғана жан жолдасын жер қойнауына тапсырған петропавлдық нәзік жаңды бұлай боларын тіпті ойламаған. Бұған дейін гүлмен көмкерілген бейіт қазір жұтап қалған. Бәз біреулер оның маңындағы себет-себет азагүлдерді қолды етіпті.

– Сегодня мама поехала.Она скучает, она переживает – отцу еще 40 дней не исполнилось. Приехала на кладбище и ревет, звонит: «Ни венка, ничего нет». Я ей сказала: «Езжай, подавай заявление». Все венки и корзиночка, могилка голая осталась, все, что украли – все здесь лежит.

Арызданушыға келтірілген шығын көлемі 37 мың теңгені құраған. Оқиға орнында табылған айғақ заттар, баукеспенің ізіне түсуге мүмкіндік берді. Қазір бейітті азагүлдерді жасаған тұлғаның өзі тонап кетуі мүмкін деген болжам бар.

Асан Таутаев – Петропавл қ. ІІБ Екінші полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің бастығы:

 


– Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, олардың осы сияқты басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Тәртіп сақшылары осыған ұқсас жағымсыз жәйттерге тап болғандарға бірден ішкі істер органдарының 38-03-14 немесе 102 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Тогжан Акмагамбетова