Қоғам

«National Geographic Қазақстан» журналы өңірге келді

130 жылдық тарихы бар «National Geographic» журналы әлемнің 80-нен астам еліне таралады. 38 тілде шығарылатын басылым 2016 жылы Қазақстанға келді. Қазір журнал мемелекеттік тілде ай сайын үздіксіз шығарылуда. Әлем бойынша 800 млндық аудияториясы бар медияның өлкемізге бас сұғуы нағыз жаңалық болды. Экспедиция мүшелері теріскейге 3 күн бұрын келіп, қаламен танысып үлгеріпті.

Дәурен Жандарбек – СҚО әкімінің орынбасары:


– Соңғы кездері инвесторларды шақыру, туризмді дамыту мақсатын қойдық. Осы бағыттарды дамыту үшін экспедиция ұйымдастырылып отыр. Өйткені еліміздегі кей өңір тұрғандары өлкемізде не бар екенін білмейді. Сол жерлдерді таныту үшін осы экспедицияны ұйымдастырып отырмыз.


Экспедиция өңірімізге облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың шақыртуымен келіпті. Олар Петропавлдың көрікті жерлерін аралап, кейін Есіл, Тайынша және Айыртау аудандарына соқпақ. Бағыт айқын, енді тек жақсылып жұмыс істеу керек дейді әлемге әйгілі итальяндық фотограф – Альберто де Мауро.

Алберто де Мауро – «National Geographic Қазақстан» журналының фотографы:

– Журнал Қазақстанда ашылған екі жарым жылдың ішінде бірқатар өңірлерде болдық. Бірақ теріскейге алғаш рет келіп отырмыз. Бір аңғарғаным – табиғаты көркем екен. Оны өлкеге кіре берістегі жасыл алаңқайлар мен жайқалған ақ қайыңдардан байқадым. Қаланың өзі кішкентай ғана болса да, дамып келе жатыр. Адамдары да жылы жүзді, қарапайым.


Фотоаппаратына пейзаждарды әдемі етіп түсіре білетін шебер фотографтан бөлек, экспедиция құрамында 10 адам жұмыс істейтін болады. Олар жұртқа таныс жерлерді ғана емес, бейтаныс, адам аяғы баспаған мекендерді іздестіруде. Меймандар сол жерлердің тарихын жақсы білетін адамдармен де тілдеспек.

Дәурен Құдайберген – жоба жетекшісі:

 


–  Экспедиция соңында көрме ұйымдастырылады. Ол суреттер екі елдің өңіраралық форумында да көрсетіледі. Тағы жинақ жасаймыз. Бұдан бөлек, «National Geographic» журналының тек ағылшын тілінде нөмірі дайындалады. Сол жерде СҚО кей суреттері болады. Шетелдіктер келсе сорлардың қолдарына береміз. Ол туристерді тартудың төте жолы деп ұғамыз.

Бар көргенін фотоппарат объективіне түсіріп, әсем суреттерді басып шығаратын журналдың талантты мүшелері өңіріміздің түрлі жерлерін тамыздың 12-сіне дейін аралмақшы.

Мағжан Ахмадина