Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жол жүру билеті шағын автобустардың барлығында бірдей жарамды

Қала тұрғыны Алина Самойленко сауда агенті міндетін атқарады.
Нәзікжанды жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялардың қызметін күн сайын пайдаланады екен. Сондықтан, жерлесіміз жол жүру билетінің шағын автобустарда да жарамды болғанын қалайды.

Алина Самойленко – қала тұрғыны:

– Жол жүру билеті шағын автобустарда да жарамды болсын деген тілегім бар. Себебі, қыс мезгілінде автобустарды күтіп, жаурап қаламын. Мен сауда агентімін, сондықтан, түрлі дүкендерді аралап жиі жүріп-тұрамын. Кейде қоғамдық көлікке бір күнде 600 теңге жұмсайтын кездерім болады.

Тамыздың 1-інен бастап жол жүру билеті шағын автобустарда да жарамды. Жолаушылар бір автобустан екіншісіне отырып, діттеген жеріне еш қиындықсыз жете алады. Мұндай өзгерістің боларына тұрғындар қуанышты.

Ульяна Некрасова – қала тұрғыны:


– Жол жүру билетін қолданамын. Өзімнің баратын жерлерім көп. Оған қоса бала-шағамды да балабақшаға апарып тұрамын. Сондықтан, барлық шағын автобустарға билеттің жарамды болатынына қуаныштымын.

Билеттің құны, әзірге, өзгеріссіз қалып отыр. Біреуінің бағасы – 6800 теңге. Жол жүруге рұқсат беретін қағазды Ж.Жабаев көшесі, 174 мекен жайындағы “СҚО автокөлік одағы” қауымдастығынан сатып алуға болады.

Ержан Ақанов – Петропавл қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

– Қалалық әкімдік тамыз айының соңына дейін қоғамдық көліктерге сараптама жүргізеді. Алдағы уақытта жол жүру билетіне сұраныс жоғарылап жатса, қыркүйек айында оның бағасын өсіру жөнінде мәселе туындайды.

Жалпы, күн сайын 24 қалаішілік бағытқа барлығы 300-ден астам қоғамдық көлік шығады екен. Тең жартысы – шағын автобустар.

Берік Қасен