Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Айыртау ауданында болды

Сынап бағанасы жоғарылаған сайын бидай да көтеріліп келеді. Биыл айыртаулықтар 422 мың гектарға тұқым сеуіпті. 76 мыңы майлы дақылдарға бөлінген. Алқаптардың жартысынан астамы дәнді дақылдардың үлесінде.

Аманбек Махметов – Айыртау ауданы әкімінің орынбасары:


– Әр шаруашылықта міндетті түрде майлы дақылдарға бөлінген алқаптар болуы керек. Ауыспалы егістік технологиясын сақтау маңызды. Мысалы, жасымық өскен алқапта биыл бидай отырғызып едік. Оның шығымдылығы жақсы.

Биыл облыс бойынша майлы дақылдарға тиесілі алқаптар 36 процентке ұлғайтылыпты. Мәселен мына 200 гектар аумақта рапс жайқалып тұр. Былтыр бұл алқапты «Ключи» шаруашылығы парға қалдырған болатын. Осы жылы аграрийлер гектарынан кем дегенде 20 центнер өнім алудан үмітті. Жаз мезгілінің кеш келуіне қарамастан, майлы дақылдардан түсімнің мол боларына өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов та сенеді.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


– Жауын-шашынды, салқын күндер көп болды. Егін өспей қала ма деп едік. Бірақ, шілде айы бізді қуантуда. Қорқынышымыз сейілді. Кеш пісетін сұрыптар мерзіміне сай жетіліп келеді.

Аграрийлер тыңайтқыштар мен гербицидтер жеткілікті дейді. Тек енді ала жаздай маңдай термен өсірген өнімді сатып алушылар табылса болғаны.

Дәурен Жандарбек – облыс әкімінің орынбасары:


– Астықты сатып алушылармен бірнеше келісімшарт жасалды. Биыл «Тайынша май» зауыты толық қуатына көшпекші. Олар жыл сайын 300 мың тонна майлы дақылдарды терең өңдейді. Сонда бізде өнімді өткізуде еш қиындықтар туындамайды.

Ауыл шаруашлығы техникасын сатып алушыларға да мемлекет зор қолдау көрсетеді. Өңір басшысының айтуынша, машина-трактор паркін жаңартуға жұмсалған қаражаттың 25% субсидияланады. Оның үстіне, көп кешікпей “Класс” маркалы комбайндар өзімізде шығарыла бастайды. Сондықтан, шаруаларға жаңа өнім де қолжетімді бола түспек.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


–  116 «Комбайнның бағасы 40 процентке арзанға түседі. Онымен қоса техниканы 14 %-тен 7.8%-ға дейін лизингпен алуға болады.

Облыс әкімі шаруалараға қажетті агротехникалық шараларды уақытылы жүргізіп отыруды ескертті. Аталған іске білікті мамандарды да тарту керектігін айтты. Бірақ, еңбекке қабілетті азаматтар ауылды жерлерден кетіп жатыр.
Бүгін аграрийлерді осы мәселе алаңдатуда. Еңбекккерлердің жалақысы 15-20 мың теңгеге көтеріліпті. Бірақ әлі де жұмыс қолы жеткіліксіз.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


– Бүгінде солтүстікке жұмыс күші көп аймақтардың тұрғындары қоныс аударуда. Біз түрлі қолдау тетіктерін қолдана отырып, осы жерге білікті мамандарды тарту керекпіз. Бұл баршамызға ортақ міндет. Түстіктен келгендерге баспана беріп, олармен 10 жылға келісімшарт жасалады.

Айыртау ауданында жолдар қалыпқа келтірілуде. Бұл мақсатқа 3,2 миллиард теңге бөлініпті. Ауқымды өзгерістерге жергілікті тұрғындар дән риза.

Игорь Захаров – «Константиновка 2004» ЖШС директоры, Айыртау ауданы:

– Тұрғындардың атынан сізге зор ризашылығымды білдіремін. Соңғы жылы өңірімізде көп өзгеріс орын алды. Әсіресе, жолдар жақсы жөнделуде.

Өңір жетекшісі жолшыбай Имантау ауылындағы Төлегеновтер жанұясына соқты. Олар мамыр айында Ақмола облысынан қоныс аударыпты.
Бердібек пен Гүлсара осында келгендеріне еш өкінбейтіндерін айтуда. 40 сотық жерге картоп отырғызып, құс шаруашылығына бет бұрыпты.

Бердібек Төлегенов:


– Осында келгелі денсаулығым жақсарты. Әйелімнің қан қысымы төмендеді. Бұл жақта жұмыс молынан. Тек ерінбей тер төгу қажет.

Айыртау ауданының тұмса табиғатына сүйсінушілер көп. Ресми дерекке сүйенсек, жыл сайын бұл өлкеге мыңдаған турист келеді.

Дәл қазір туристер Шалқар көлінің маңындағы “Тұрпан” демалыс базасында тынығуда. Бұл орын бір мезетте 350 адамды қабылдай алады. Демалушылар көлге шомылады, күнге қыздырынып, жағажай волейболын ойнайды. Құмар Ақсақалов келушілер үшін барлық жағдай жасалуы тиіс деді. қызмет түрлері де қолжетімді бағада болуы керек.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Сколько берете за въезд?

Медеу Ражанов -Ұлттық саябақтың бас директоры, Айыртау ауданы
ауд: “Палаткаларды бір күнге жалдау құны 1200-1500 теңге тұрады. Олардың үш және төрт адамға арналған түрлері бар. Жанында көлік тұрағы орналасқан. Ондағы бір орынды – 400 теңгеге жалдауға болады».))

Құмар Ақсақалов көлік тұрағынының аумағын кеңейтуді тапсырды. Ондағы қауіпсіздік пен тазалық та назардан тыс қалмауы тиіс. Жалпы жыл басынан «Тұрпан» базасында 11 мың адам демалған. Соның 1700-і шетелдік. дені – ресейліктер. Елена Евдокименко Норильскіден келіпті. Нәзік жанды жылда осы жерге достарымен бірге демалатынын айтады.

Елена Евдокименко – турист, РФ:


– Биыл оң өзгерістерді байқадым. Былтырғыға қарағанда биыл жағажай таза. Қызмет көрсету сапасы да жақсарған. Осының бәрін көңіл қуантады.

Жақында Айыртау ауданындағы демалыс базаларының қатары артады. Құмар Ақсақаловқа Олардың нобайы көрсетілді. Бір базаны келесі жылы «Лагуна тур» серіктестігі тұрғызбақшы. Оларға 7 гектар жер жалға берілген екен.

Игорь Бижов – «Жемчужина» демалыс зонасының құрылтайшысы, Айыртау ауданы:

– Құрылыс жұмыстарына шамамен 380 миллион теңге жұмсалады. Бірақ, жобаны жүзеге асыру үшін сіздің қолдауыңыз да қажет. Демалыс базасына апаратын жолды төсеп, инфрақұрылым желілерін тартуға жердемдессеңіз дейміз.

Құмар Ақсақалов – – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


– Бұл жерде емдік шараларды да қарастырыңыздар. Мұғалімдер мен дәрігерлерді осында жібереміз. Осылайша кәсіподақтардың сауықтыруға бөлген қаражаты жергілікті жерде қалады. Ішкі туризмді дамыту үшін демалушыларға жақсы жағдай жасалуы тиіс. Біз өз тарапымыздан инфорақұрылым тартуға қол ұшын береміз.

Облыс әкімі қысқы уақытта бұл базаларға апаратын жолдарды тазалауда да мәселе туындамайтынын жеткізді. Өз кезегінде демалыс орындарының басшылығы туристерге сапалы қызмет көрсетуі тиіс. Ойын-сауық бағдарламаларын да ескерген маңызды. Мәселен, қазір Имантау көлінде желкенді қайық спорты дамуда. Бұл жерде нағыз матростарды дайындайды.

Жанат Омаров – «Имантау Marina Club» клубының директоры, Айыртау ауданы:

– Әзірге желкенді қайықтардың саны 3-еу ғана. Жақында тағы біреуін сатып алу үшін арнайы грантқа өтініш тапсырдық.

Құмар Ақсақалов – – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

 


–  Сізге грант береміз. Бірақ сіз Петропавл қаласының маңындағы Пестрое көлінде де желкенді қайық спортын дамыту мүмкіндігін қарастырыңыз. Бұл әдемі спорт түрі. Онымен өскелең ұрпақ айналысуы тиіс.

Алдағы уақытта өңірдегі барлық демалыс базалары туралы мәліметтер бірыңғай порталға енгізіліп, бұл нысандарға жол сілтейтін GPS-маршрут қосымшасы әзірленбекші. Құмар Ақсақалов тиісті басқарма басшыларына бұл жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.

Берік Қасен