Түрлі кәсіпорын қызметкерлерінің арасында баскетболдан турнир өтті

Спорт

13:58 26 Шілде 2018

Алғашқы ойын “Жасыл ел” және “Мұнаймаш” құрамалары арасында өтті. 10 минуттық додада қос ұжым қызметкерлері қызықты ойын көрсете алды. Бастапқыда жасыл жейде киген “жасылелдіктер” қателіктерге жол бермей, алға суырылып шықты. Алайда, “Мұнаймаш” құрамасы жылдам есе қайтарды. Бұл команданың баскетболшылары допты сақинаға бірінен соң бірі салып, алғашқы ойынды 15 те 14 есебімен қорытындылады.


Руслан Болатбеков – “Мұңаймаш” құрамасының ойыншысы:


– Кешегі жарыста біз 3 кездесу өткіздік. Олардың бәрінде жеңіске жеттік. Баскетболда бастысы – көбірек ұпай жинау. Қарсылас командалардың дайындықтары жаман емес. Осал құрама жоқ. Бірақ, біздің құрама бұл турнирде бас жүлдеге қол жеткізеді деген ойдамын.

Ал, алаңның оң жағында “Modern Kz” және “Киров зауыты” құрамалары 3-ші орын үшін бақталасуда. Жарыс нәтижесі бойынша 6:1 есебімен зауыт командасы жеңіске қол жеткізді. Евгений Алпатов баскетболмен бала кезінен айналысады. Бүгін спортшы командасының қоржынына 3 ұпай әкелді.

Евгений Аллпатов – “Киров зауыты” құрамасының ойыншысы:


– Біз бұл турнирге біз бір аптадай дайындалдық. Баскетбол – бұл командалық ойын. Сондықтан мұнда жалғыз адамның емес, ұжымның әрбір қимылы маңызды. Кешегі бәсеке біз үшін сәтсіз өтті. Сол себепті бүгінгі сында біз бар күшімізді салдық.

Шаһарымызда түрлі кәсіпорын қызметкерлерінің арасында 3 те 3 форматындағы баскетбол жарысы алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Турнирге қатысқан 8 құрама бір-бірімен айналмалы жүйе бойынша кездесіп шықты. Ұйымдастырушылар дүбірлі сайыс алдағы уақытта дәстүрге айналып, қатысушылардың саны артады деген ойда.

Дархан Теміртас – “Жас Ұлан” ҚБ СҚО бойынша төрағасы:


– Турнирдің басты мақсаты – түрлі салада еңбек етіп жүрген жастарды салауатты өмір салтына насихаттау. Біздің сайыс тоқтап қалмай, болашақта жалғасады деген ойдамын. Жалпы аталмыш жарыста 30-ға жуық қызметкер сынға түсуде. Бүгін қатысушылар жақсы ойын өрнегін көрсетіп жатыр. Дода көңілімнен шықты.

Байрақты бәсеке соңында барлық қатысушыларға мақтау қағаздары, ал жүлдегерлерге кубоктар, медальдар мен құнды сыйлықтар табысталды.

Альмира Жетпісбай

Бұдан әрі оқыңыз

“Qulager” ХК өзбекстандық “Хумо2” құрамасын жеңді
Әуесқойлар арасында шағын футболдан ашық турнир өтті
“Құлагер” ХК көкшетаулық “Арланды” қабылдады
Жас зілтеміршілеріміз жарады
«Qyzyljar» футбол командасы премьер-лигаға қызу дайындық үстінде
«Qulager» құрамасының 2020 жылдағы алғашқы жеңісі
«Qulager» құрамасы “Ақтөбе” ХК-дан ұтылып қалды
Али Алиев енді “Qyzyljar” ФК жаттықтырмайды
“Qulager” сырт алаңда “Астана” хоккейшілерін ойсыратты
Спортшылардың еңбегі еленді
Волейболдан жасөспірім қыздар арасында қысқы чемпионат өтуде
Аманғали Бекболатов – гран-при турнирінің чемпионы