МТРА жаңалықтары

СҚО ағаш көшеттерін өсіретін 30-ға жуық тұқымбақ бар

Мына жас көшеттер қайың мен қарағайдың тұқымынан өсіп шыққан. Өскіндерді мамандар тәлімбақта 2 жыл көлемінде баптапты.


Зада Аманжолова – СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Булаев орман шаруашылығының инженері:


– Біз тәлімбаққа 1-ші, 2-ші сыныптағы тұқымдарды егеміз. Бір жыл көлемінде суарып, арам шөптерін жұлып баптап қажетті күтімін жасаймыз. Екі жылдың ішінде көшеттер 10-50 сантиметрге дейін көтеріледі.

Дәл осы көшеттер бірнеше жылдан кейін еңсесін тіктеп, қартайған және оталған ағаштардың орнын басады. Булаев орман шаруашылығының қызметкерлері жыл сайын ормандарға 100 мың дана көшет егеді. Негізінен өңірімізде кең таралған қайың мен қарағай отырғызылады. Себебі олар тез жерсінеді әрі солтүстіктің құбылмалы ауа-райына бейім келеді.

Марина Подоксёнова, СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бөлімінің бас маманы:


– Жыл сайын өңір ормандарында 6 млнға жуық көшет отырғызылады. Бұл жұмыстарды орман шаруашылықтарынан басқа табиғатты пайдаланушылар да атқарады. Көшеттердің жерсіну көрсеткіші 70 процентті құрап отыр. Өспей қалғандарының орнына жаңа көшеттер егіледі.

СҚО-да орманды алқаптарды қалпына келтіру ісімен 13 мемлекетік шаруашылық пен орманды жалға алушылар айналысады. Олардың әрбіреуінде екпе көшеттерін баптайтын жеке тәлімбақтары бар.

Берік Қасен