Спорт

Шілденің 20-сы – халықаралық шахмат күні

Бұл күні кәсіби, әуесқой, жас-кәрі шахматшылар жиналып, өзара бақ сынасады. Бір-бірмен танысып, ойларымен бөліседі. Кейбірі білмегендерін үйреніп, ал енді біреулері көп жылдық тәжірбиелерімен алмасады. Мәселен, мына жерде 4 жұп шахмат ойнап жатыр. Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелеріне олдардың ізбасарлары қарсылық көрсетуде. Алайда шахмат ойынында басты жеңіс емес дейді Серік Ибраев.

Серік Ибраев – облыстық ардагерлер кеңесі “Досуг” клубының төрағасы:


– Бүгінгі шағын турнир Халықаралы шахмат күніне арналыпты. Одан қалыспай біз де шахмат ойнаға келдік. Мен өзім оған мектеп кезімнен әуеспін. Енді міне жас ұрпақпен тәжірбие алмасудамын.

Халықаралық шахмат күні Дүниежүзілік Шахмат Федерациясының бастамасы бойынша 1966 жылғы шілденің 20-ынан бері аталып келеді. “Жастар ресурстық орталығы” мен «Жасыл ел» ұйымының жастары да бұл күні қаламыздың гроссмейстерлерін шақырып, шағын турнир өткізуді жөн көрген.

Антон Шишканов – “Жасыл ел” жастар еңбек жасағының менеджері:


– Жыл сайын аталып өтілетін мерекені біз де ескеруді ұйғардық. Бұл турнирге 8 адам қатысып жатыр. Олардың төртеуі Облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері, ал қалғандары “Жасыл ел” ұйымының мүшелері.

Сайыс соңында турнирге қатысушылар грамота және түрлі сыйлықтармен марапатталды.

Дана Ешкенова