ТЖ

Пестрое жағажайында демалушыларға қойылым ұсынылды

Жаздың аптап ыстығында күнге қыздырынып, суға шомылушылардың саны артады. Дегенмен, өзен-көлге түсу барысында қауіпсіздік ережелерін ескерген абзал. Бұл қағидаларды құтқарушылар қалалықтарға ерекше қойылым арқылы жеткізді.

Көрсетілімде мас күйінде суға шомылғысы келген азаматты «Тоқта» белгісін ұстаған сүңгуір костюмдегі құтқарушылар қарсы алып, ажалдан құтқарып қалды. Осылайша, департамент мамандары ішкілікті күйде шомылудың қайғылы жәйтке әкеп соқтыратынын көрсетпек болған.

Александр Наргеленас – Н. Погодин атындағы орыс драма театрының актері:


– Осындай қойылымдар арқылы халық өз өмірі жайлы ойлана бастайды деген ойдамын. Себебі көлдің жағасында ішімдік ішетін адамдар көп. Олардың бұл жауапсыздығы орны толмас қайғыға әкеп соқтыруы мүмкін.

Бұл қойылым жағажайда демалушыларды бей-жай қалдырмады.

– Бүгінгі қойылым – масайған күйде шомылу қауіпті екендігінің дәлелі. Өте қызықты көрініс болды. Батып бара жатқан адам үшін қатты қобалжыдым.


–  Меніңше осындай іс-шараларды жиі ұйымдастыру керек. Көріністе алкогольді ішімдіктің тек зиян келтіретінін түсіндіреді. Актердің ролі көңілімнен шықты.

Жалпы, жаз басталғалы 7 бірдей жерлесімізді су жұтқан. Олардың басым бөлігі – балалар. Күні кеше тағы бір топ балақай жазым бола жаздады. Абырой болғанда, дер кезінде оқиға орнынан табылған құтқарушы жеткіншектерді аман алып қалған.

Нұрлан Құлқашев – СҚО ТЖД «Жедел-құтқару» жасағының бас құтқарушысы:

– Бұдан бөлек, үрмелі матрацта отырған 4 жеткіншекті өзен ағысы алыс әкетіпті. Оларды да дер кезінде жағаға шығардым. Осылайша, кеше 6 азамат ажалдан арашаланды.


Ерекше алдын-алу шарасының соңында құтқарушылар судағы қауіпсіздік ережелері мен жедел көмек көрсету әдістерін тынығушыларға бір қайтара түсіндіріп шықты.

Дана Сәлімқызы