Аптадағы маңызды жаңалықтар

Мамлют ауданында ірі сүт-тауарлы ферманың құрылысы жүруде

Ауыл шетіндегі мына 6 гектар жерде қазір жұмыстың қызған шағы. Осы күні “ДСК-Строй” ЖШС құрылысшылары болашақ сүт-тауарлы ферманың темір конструкцияларын жинау үстінде. Маңызды құрылыс алаңында серіктестіктің 45 қызметкері нысанды уақытында тапсыру үшін таңның атысынан кештің батысына дейін бел жазбай еңбектеніп жатыр.

Аслан Достанов – “ДСК-Строй” ЖШС құрылыс учаскесінің басшысы, Астана қаласы:


–  Қазір қағылған қадаларды бетондау жұмыстары жүргізілуде. Негізгі шаруамен қатар ферманың инфрақұрылымдық желілерін тартуды да қолға алдық. Оның ішінде ауыз су келетін торапты салып жатырмыз. Нысанды тұрғызу кезінде күн райы өзінің кері әсерін тигізді. Бүгінде фермадағы құрылыс жұмыстары 20 пайызға атқарылды.

Осылайша, облыстағы ауқымды жобаны бастан-аяқ іске асыруға 2,3 млрд. теңге жұмсалмақ. Қомақты қаражаттың 85 пайызын “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ-ы несие ретінде берсе, қалғаны командиттік серіктестіктің жеке қаржысы. Жобаны іске қосу бірнеше кезеңді қамтымақ. Алғашында 1-ші және 2-ші сиыр қоралары салынса, кейіннен сауу цехы бой көтереді.

Арыстан Жүнісов – “Мамбетов и К” КС атқарушы директоры, Мамлют ауданы:

 

– Әрі қарай өсіп-өркендеу үшін да осындай сүт-тауарлы ферма ашуды қолға алып, қазірде соның құрылысы басталып жатыр. 03-50 Қазір мінеки, жол мәселесі де біртіндеп шешімін тауып келеді. Сондықтан барлығы дұрысталады деген сенімдеміз 02-30 Қараша айына дейін малды қораға кіргізу жоспары бар. Қарашада 2 сиыр ұстайтын қосын, тағы осы жылы сауу орны іске қосылады. Келер жылы бұзау қоятын қораны саламыз. Оның барлығы келер жылдың еншісінде.

Жетекші агроқұрылым ірі сүт-тауарлы ферманың іске қосылуына зор үміт артып отыр. Әлеуметтік маңызы бар жоба ойдағыдай жұмысын бастаса, қол қусырып жүрген жергілікті тұрғындар екі қолға бір күрек тауып, елді-мекеннің әл-ауқаты еселенетіні сөзссіз.

Бахыт Садвокасов