Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО индустриялдық парк

Жыл өткен сайын Қазақстан мен Қытай арасындағы әріптестік әлеуеті артып келеді. Оған келтірер нақты дәлел де бар. Алдағы уақытта қос тарап біздің елімізде 51 бірлескен жобаны жүзеге асырмақ. Осы күні оның 4-уі бойынша нәтижелі жұмыс басталып та кетті. Соның бірі аққайыңдар өлкесінде іс асты. Ол майлы дақылдарды өңдейтiн Тайынша ауданындағы заманауи зауыт. Енді, өңірімізде тағы бір кәсіпорын тұрғызу жоспарланып отыр.

Лю Чжиюн – “KAZ” БК СҚО ЖШС компаниясы бас директорының көмекшісі:


– СҚО нақтырай айтсақ, Петропавл қаласының маңында “KAZ” индустриялдық паркін салмақпыз. Жоба үш кезеңде жүзеге асады. Алдымен, тамыз тайында жалпы аумағы 2 мың шаршы метрді құрайтын қойма тұрғызылады. Онда Қытайдан KEZY маркалы автомобиль бөлшектерін әкеліп сатуды көздеп отырмыз. Іске біздің тарапымыздан 3,2 млрд доллар бағытталмақшы.

Ал, екінші кезеңде аспан асты елінің кәсіпкерлері зауыт салмақшы. Қазан айының соңына таман іске қосылатын қуатты өндіріс ошағында автомобильдің саны түрі құрастырылатын болады. Жалпы, аумағы 162 гектарды құрайды. Бұл атқарылатын істің соңы емес. Жоба аясында қалталы азаматтар өңірдегі өнеркәсіпке де серпін бермек. Әсіресе, олар химиялық өнімдерді әзірлеу, электроникалық заттарды шығару, сауда, қонақ үй және ойын-сауық индустриясын дамытуды көздейді. Қытайлықтардың бастамасын жерлестеріміз құптап отыр.

Дәурен Жандарбек – СҚО әкімінің орынбасары:


– Біз Солтүсік Қазақстан облысы мен сіздердің провинцияларыңыз арасында тығыз әріптестік орнағанына қуаныштымыз. Ірі көлік жасау кәсіпорны екі жаққа да тиімді. Ол жерде қытайлық бірнеше компания тауарларын сататын болады. Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Әрі қарай қарай әріптестік аясын кеңейту ойда бар. Жалпы, Қазақстанда шет елдік инвесторлардың жұмыс істеуіне тиімді жағдайлар жасалған. Өз кәсібін бастағандар салықтың бірнеше түрінен босатылады. Тағы, мемлекет тарапынан басқа да көмек көрсетіледі.

Ван Лин – Хубэй провинциясы халықтық өкілдік Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары:


–  Бізге осы өңірдің бірінші басшысы келіп кетті. Сонда бірлескен жобаны жүзеге асыруға келіскенбіз. Міне, сол бағыттағы істі бастауға келіп отырмыз. Жалпы, географиялық тұрғыда Солтүстік Қазақстан облысы бізге жақын орналасқан. Мұнда келем деуші қытайлық бизмендерге барлық жол ашық. Осы жерде өз ісімізді бастағымыз келеді. Экономика, сауда, білім және туризм салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асырмақшымыз.

Кездесу барысында қонақтарға облыстың қазіргі әл-ауқатын индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Арман Оразғұлов айтып өтті. Оның сөзінше теріскейде сапалы сүт және ет өндіріледі. Қазіргі таңда дайын тауардың 90% экспорта жіберіледі. Өнімнің құны Қытайдағыдан 3 есеге арзан. Бұдан бөлек, өңірімізде коммуналдық тарифтердің де бағасы төмен. Мұндай тиімді жағдай әріптестік орнатуға мүмкіндік бермек.

Арман Оразғұлов – СҚО индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы:


–  Біз алдағы уақытта етті бағыттағы құс шаруашылығын дамытуды көздеп отырмыз. Жоспарымызда жылына 20 мың тонна өнім беретін фабрика тұрғызу бар. Істі жүзеге асыру үшін инвестор керек. Бұл идеямыз қытайлық қалталы азаматтарды қызықтырса, бірлесе жұмыс істеуге әзірміз.

Сонымен қатар, Арман Оразғұлов өңірдегі туризм саласын дамыту үшін де инвесторлар қажет екендігін айтты.

Байболат Бектемірұлы