ТЖ

Құтқарушылар кезекті рейдке шықты

Биыл жаз маусымы басталғалы 7 жерлесіміз тілсіз жаудың құрбанына айналған. Көз жұмғандардың дені – балалар. Олардың барлығы рұқсат етілмеген аумақтарда шомыламыз деп жазым болды. Осы тектес қайғылы оқиғалардың алдын-алу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Руслан Ерденов – Петропавл қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бас инженері:

– Күн сайын ТЖД қызметкерлері суда рейд шараларын жүргізеді. Жағажайдағы демалушыларға қарапайым сақтық ережелерін түсіндіріміз, сондай-ақ қауіпсіздік амалдары жазылған жадынама қағаздарды таратымыз. Көптеген жерлестеріміз суда абай болу керектігін ұмытып жатады. Осының кесірі қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін.

Бұл күндері күнге қыздырынып, суда жүзетін демалушылардың қатары артқан. Есіл өзеніндегі қалалық жағажайға келгендердің қауіпсіздігін 2 құтқарушы бақылайды. Олар өзен жағасында таңнан бастап кешке дейін, 12 сағат бойы кезекшілік жасайды.

Сергей Черкасов – СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының басшысы:


–  Бұл жұмыста ең қиыны – күнге шыдап тұру. Шекені қыздыратын ыстықта демалушылардың үстінен бақылау – жеңіл шаруа емес. Осыған қарамастан, біз өз міндетімізді адал атқарамыз.

Құтқарушылар жұмыстарын тиімді атқаруы үшін бар жағдай жасалған. Оларға батып кеткен азаматты судан шығаруға арналған компрессор, құтқару жилеттері берілген. Сонымен қатар, жағажайда демалушылар арасында суға батқан адамды құтқару, алғашқы жедел жәрдем көрсету бойынша жаттығулар да жиі өткізіліп тұрады.

Максим Шунин – демалушы:


–  Жағажай жақын болған соң, осында келіп шомыламыз. Мен кішкентай кезімнен малту білемін, сондықтан қорықпаймын. Дегенмен, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға тырысамын.

Альмира Жетпісбай – тілші:


– «Сақтансан – сақтайды» демекші, әр адам судағы қауіпсіздік ережелерін естен шығармай, бұлжытпай орындап жүрсе, келеңсіз жағдайлар мен орны толмас қайғылы қазалар аз болмақ.

Альмира Жетписбай