Қоғам

Фрилансерлер зейнетақы жарнасын төлеуге міндеттелді

Фотограф, асаба, қолөнершілер, кондитерлер мен интернет арқылы табыс табатындар. Бұлардың барлығы бір сөзбен айтқанда – фрилансерлер. Яғни олар өзіне жұмыс істеп, пайдаға кенеледі. Бірақ әдетте бұл жандардың жұмысы заң жүзінде еш бір органда тіркелмейді. Сондықтан олар салық та төлемейді, міндетті сақтаныдыру және зейнетақы қорларына да аударым жасамайды. Дегенмен, енді заңдағы өзгерістерден кейін олар да айлық кірістерінің 10 пайызын қорға аударуға міндеттеліп отыр.

Ғалия Мұқанова – “БЖЗҚ” АҚ СҚОФ барып қызмет көрсету бөлімінің басшысы:

– ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бұған дейін зейнетақы қорына жарна төлеу фрилансерлердің өз ұйғарымына қалдырылып келген болатын. Мәселен, 5 жыл көлемінде фотограф болып жұмыс істейтін Вадим Блажевич, бұл міндет ерікті болғанымен, тапқан табысынан ай сайын зейнетақы жинақтау қорына аударма жасап тұрады. Тиісті салығын да төлейді.

Вадим Блажевич – фотограф:


– Мен 2013 жылы фотосуретпен айналыса бастадым. Әрине ол жылдары бұл саланың қыр-сырын жұрт енді-енді тани бастады. Сол себепті өзімнің сүйіп жасап жүрген жұмысымды заңды түрде тіркеп, жеке кәсіпкерлігімді аштым. Менің ойымша өзіміздің болашағымыз үшін әрбір адам салық төлеуі қажет.

Ендігі кезекте, бұған дейін өз болашағын ойлап төлем жасағандар да, оны кешеуілдетіп жүргендерде де қорға ақша аударуға міндеттелді. Егер талап орындалмаса, фрилансерге алдымен ескерту жасалады. Ал екінші ретінде айыппұл салынады.

Дана  Ешкенова