Спорт

Петропавлда шағын футболдан “Еr Zhanibek Cup” халықаралық турнирі өтті

Бұған дейін шағын футболдан “Еr Zhanibek Cup” халықаралық турнирі 3 жыл қатарынан еліміздің оңтүстік астанасында өткізіліпті. Дүниенің түкпір-түкпірінде тұратын этникалық қазақтардың жолы биыл Қызылжар өлкесіне түскен. Алдымен, сайысқа жиналған 25 құрама жарыс жолына бет алып, көпшілікке жекелей таныстырылып шықты. Маңызды ойын алдында әуесқой футболшыларды облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек құттықтап, қатысушыларға сәттілік білдірді.

Дәурен Жандарбек – СҚО әкімінің орынбасары:


– Шағын футболдан ұйымдатырылып отырған алғашқы халықаралық турнирінің ашылу салтанатымен құттықтаймын. Алдымен осы турнирді өткізуге себепші болып отырған спорт мерекесін даңқты жерлесімізге арнап отырған “Ер Жәнібек” қорына, облыс әкіміне алғысымды білдіремін. 2 Баршаларыңызға әділ ойын, қуатты күш-қайрат тілеймін!

Салтанатты жиыннан соң, байрақты бәсеке басталып кетті.


Алаңға БҚО-ның Орал қаласы мен РФ-ның Омбы құрамасы ойыншылары шықты. Екі команданың кездесуі алғашқы минуттан-ақ қызықты өрбуде. Жинақы ойнаған оралдықтар алғашқы таймда қарсылас қақпаға доп дарытып, есеп ашты. 2-ші 15 минуттық таймда Орал құрамасының ойыншылары тағы 3 гол салып, ресейліктерді қапты қалдырды.

Абай Хабиев – “Жасыл ел” құрамасының капитаны, Орал қаласы:


– Былтыр да естідік, келе алмадық. Жақсы командалар бар дегесін келдік. Мұнда келгеннен кейін жеңуге келеміз. Қиын болды, әрі қарай моңғолдықтар бар. Былтырғы чемпиондар да осында. Енді өтеміз деген сенім бар.

Осы командалар 6 топқа бөлініп, 2 күн бойына жекелей кездесу өткізді. Осылайша, 1/8, ширек, жартылай финалында үздік атанғандары, ақтық сынға жолдама алды.

Қанат Мұхамеджанов – шағын футболдан “Еr Zhanibek Cup” халықаралық турнирі ойындарының бас төрешісі:

– Алғашқы ойындар топтық болады. Онда 1/8, онда ұтылып қалғандар ойнамайды. 1-ші тайм уақыты 15 минут, 2-ші сондай уақыт. 5 минуттан үзіліс бар арасында. Қызылжар өңірінен 4 команда қатысуда. Олар да осы жарысқа мықтап дайындалды.

Ал бұл – жарыстың 2-ші күні. Қазір алаң төрінде алматылық қос команда бас жүлде үшін тартысты ойын өткізуде. Бірінші 15 минуттықта құрамалар бірі-бірінің қақпаларын торуылдағанымен, оларынан еш нәтиже шықпады. 2-ші таймда қызыл жейдедегі Сауыр құрамасының шауыблшысы айласын асырып есеп ашты. Кейін дәл осы әуесқой ойыншылар аз уақыт ішінде қатарынан 2 гол дарытып, турнирдің жеңімпазы атанды. Есеп 3-те 0.

Сырым Таңатаров – “Сауыр” құрамасының ойыншысы, Алматы қаласы:


– Біз өз стартегиямызды құрып келдік. Өйткені 2015-ші жылда бері келе жатыр футбол клубы. Барлық қатысушыларға ойын үшін алғыс айтамын. Осы жан-жақтан жиналған бауырларымызға да рақмет. Алдағы жылдары да кездесіп отырсақ
жақсы болар еді.

Кейін турнирде дараланып, көзге түскен ойыншылар марапатталды. Айталық, ұйымдастырушылар үздік қорғаушы, сұрмерген, қақпашы мен қорғаушыны анықтап, әрқайсысына алғыс хат табыстады. Енді дүйім жүрт асыға күткен сәт те келіп жетті. Осы турнирде 4-ші орынды жергілікті “Динамо” ойыншылары місе тұтса, 3-ші тұғырға көкшетаулықтар тұрақтады. Олар 2 жүз бен 3 мың теңге еншіледі. Ал 2-ші орын және 500 мың теңгені Алматыдан ат терлетіп келген Бірлік құрамасы қанжығаларына басты. Ал жарыстың бас жүлдесі кубок пен 1 млн теңгені дәл осы оңтүстік астанадан келген тағы бір құрама – Сауыр командасы еншілеп, биылғы турнирдің мақтанышына айналды.


 

Бахыт Садвокасов