Спорт

«Ақ бидай – 2018» жазғы спорт ойындарының жабылу салтанатты өтті

4 күн бойы жарыс алаңында 2000 мыңға жуық спортшы барын салып, сайыс көрігін қыздырды. Енді міне, қортынды шығаратын кез келді. Сап түзеген командаралар ең алдымен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталеваның құттықтауын қабыл алды.

Елена Хрусталева – биатлоннан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері:

– Әдетте, мұндай жарыстар жастардың үлкен спортқа қадам басуына септігін тигізеді. Оны мен өз тәжірбиемнен білемін. Өзім де мектеп кезінде осындай додаларға қатысатынмын. Содан кейін үлкен спортқа деген қызығушылығым артып, бастаған ісімді одан әрі жалғастырдым. Нағыз дарындар ауылдан шығады. Сондықтан осынау үлкен спорт мерекесімен баршаңызды құттықтаймын.

Міне, барлығы тағатсыздана күткен сәт те келіп жетті. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты басталды. Ең алдымен жекелей сында оза шапқан спортшылар ортаға шығып, жүлделерін алды.

Осылайша, 15 спорт түрінен үздік көрсеткіштерге ие болғандар анықталды. Жарысты бағалаған төрешілер биылғы ойындардың тартысты өткендегін айтып отыр.

Сергей Мелехов – бас төрешінің орынбасары:


–  Жарыс жоғарғы деңгейде өтті. Жеңіл атлетика, күрес, волейбол және футбол ойындарынан ұйымдастырылған ойындар әсіресе қызықты әрі тартысты болды. Спортшылардың жақсы дайындалғаны көрініп-ақ тұр.

Кейін командалық есепте көш бастағандар белгілі болды. «Ақ бидай-2018» спорттық ойындарында үздік үштікті 251 ұпай жинаған Тайынша ауданының спортшылары тұйықтады. Екінші орынға 283 ұпай жинаған мағжанжұмабаевтықтар қол жеткізді. Ал алтын алқамен қанжығыларын өзгелерден басым түсіп 324 ұпай жинаған алаң иелері қызылжарлықтар майлады.

Асылгүл Алғожина – жарысқа қатысушы, Қызылжар ауданы:

– Қарсылас командалар мықты болды. Бірақ біздің спортшылар барлығынан жақсы болып алға шықты. Ең тартыстысы қыздар арасындағы волейбол ойыны болды. Финалда қыздарымыз Тимирязев ауданынан келген командамен шықты. Бірақ өзімізді көрсеттік. Бірінші орынға ие болды.

Жеңіске жеткен командаларға 100, 200 және 300 мың теңгенің ақшалай сертификаттары табыс етілді.

Мағжан Ахмадина – тілші:

 

– Мына «Газель» автокөлігін облыс әкімі жарысты жақсы деңгейде өткізгені үшін Қызылжар ауданына табыс етті. Сондай – ақ, «Ақ бидай» спорттық ойындарын келер жылы өткізетін аудан да анықталды. 2019 жылы жарыс қатысушыларын жұмабаевтықтар қарсы алатын болады.

Мағжан Ахмадина