Ауыл шаруашылығы

Шал ақын ауданында ауыл шаруашлығы қарқынды дамуда

Ақанбарақ ауылындағы “Әсем” шаруа қожалығында бүгінде 970 бас қой, 260 жылқы және осынша бас ірі қара бар. Зеңге баба төлдерінің басым бөлігі симментал мен қазақтың ақ бастары. Олардың 120-сы – сауын сиырлары. Сауыншылар өз жұмыстарында мынадай қондырғыларды қолданады. Ескі болғанымен, олар өте тиімді дейді. Тағы 2 заманауи, бірақ шағын сауу аппараты бар. Осылайша, шаруашылық Сергеевка май зауытына тәулігіне 1,5 тонна сүт өткізеді. Литрі – 90 теңгеден. Алайда, ферма мал басын әлі де көбейтуді жоспарлап отыр.

Асан Атымтаев – “Әсем” шаруа қожалығының директоры, Шал ақын ауданы:

– Мемлекеттің қолдауына жүгініп, қожалықтағы асыл тұқымды мал басын арттырмақшымыз. “Сыбаға” бағдарламасы бойынша келешекте нидерландық голштино фриз тұқымды 100 бас ірі қара сатып алғалы отырмыз. Жуырда арнайы базаның құрылысын тәмамдадық, енді жазғы қора салып жатырмыз. Қазір малды сабан және кебекпен қоректендіреміз, кейін азық қорын молайтып, пішендеме мен сүрлемге көшкелі отырмыз.

Осыдан бірер апта б
ұрын қожалық басшысы Асан Атымтаев инновациялық цех ашқан. Енді мұндағы бұзаулар қарапайым судың орнына пайдалы хлорелла балдырлары қосылған жем-шөп қоспасын ішеді.

Асан Атымтаев – “Әсем” шаруа қожалығының директоры, Шал ақын ауданы:

Қазір 64 бұзауды күніне екі рет хлорелла суспензиясымен көректендіріп жатырмыз. Осы уақыт аралығында төлдердің тәбеті біраз жақсарды, салмақты тез қосып жатыр. Мәселен, бір бұзаудың тәуліктік салмақ өсімі шамамен 560 граммды құрайды. Бұл әдеттегіден 120 граммға көп.

Қазір “Әсем” шаруа қожалығы 41 шалақындықты еңбекпен қамтып отыр. Олардың орташа жалақылары 90 мың теңгеден айналады. Ал Городетское ауылдық округіндегі мына 20 га алқапта “Импала” атты таңдаулы картоп тұқымы отырғызылған. Бұл тұқымның 50 тоннасын жергілікті “Карнет” серіктестігі Ресейден алып келген.

Бауыржан Таутекенов – “Карнэт” ЖШС басқарушысы, Шал ақын ауданы:

– Біз астық өсірумен айналысамыз, ал картопты бірінші жыл егіп көрдік. Бастамаға елордалық “Жайна агро трейд” компаниясы инвестиция құйды. Әзірге өнімнің шығымы жаман емес. Колорад қоңызы аз, өзге де зиянкестер мен арамшөптерден тазарттық. Бұл үрдіс толығымен автоматтандырылған. Алқапта 4 адам жұмыс істейді.

Серіктестік к
өкеністерге 51 га алқап бөлген. Бірақ биыл оның тек жатырысына ғана картоп егілген. Шығым жақсы болса, келер жылы ауыл еңбеккерлері қалған бөлігінде қырыққабат, сәбіз бен өзге де көкөністерді өсіруге ниетті. Тағы алдағы уақытта серіктестік қойма мен жұмысшыларға арнап үй тұрғызбақшы. Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығы Шал ақын ауданындағы негізгі салалардың бірі.

Нұрлан Есімов – Шал ақын ауданының әкімі:

 


Ауданға биылғы жылы 1800 бас ірі қара алу тапсырмасы қойылған еді. Бүгінде 1 мың бас сатып алдық. Жоспардан алда келеміз. Саланың жағдайы менің бақылауымда.

Шала
қындық фермерлер мемлекеттің қолдауын да тиімді кәдеге жаратып отыр бүгінде. Жыл басталғалы аудан шаруалары рәсімдеген несиелердің жалпы сомасы 35 млн. теңгеден асқан.

Саят Ермек