Балалар

ҚР ҚМ жергілікті әскери-техникалық мектебін 25 жігіт тәмамдады

Қаз-қатар сап түзеген мына жігіттер – Қорғаныс Министрлігіне қарасты “әскери-техникалық мектептің” тәрбиеленушілері. Олар 40 күн бойына темірдей қатал тәртіпке бағынып, офицерлердің бұйрығын бұлжытпай орындаған. Ең бастысы – осы күндер ішінде сарбаздар әскери өмірге әбден төселіп, ұрыс жүргізудің әдіс-тәсілдерін меңгеріпті. Енді міне жігіттер салтанатты түрде Отанының қорғаушысы болуыға ант етті.

Бес қаруын сайлап, елін қорғауға қашанда әзір бозбалалардың бірі – Сергей Шульгин. 24 жасар жерлесіміз “ПАМЖ” зауытында еңбектенеді. Ол санасы толысқан, денсаулығы келетін әр азамат әскери өмірдің суығы мен ыстығын көруі тиіс, – дейді.

Сергей Шульгин – ҚР ҚМ “Әскери техникалық мектебі” Петропавл филиалының тәрбиеленушісі:

Әлем елдерінде қанды майдандар болып жатқандығын көріп те, естіп те жүрміз. Сол себептен қазақстандық жігіттер елдің тұтастығына нұқсан келтіретін кез-келген қауіп-қатерге даяр болуы тиіс. Мен денсаулығыма байланысты әскер қатарына алынбадым. Десе де ата-анаммен кеңесіп, ақылы негізде әскери мектепте білім алып шықтым.

Жалпы осы жолы жергілікті әскери мектеп қабырғасында солтүстікқазақстандық 25 жігіт әскери тәлім-тәрбие көрген.

Юрий Глумов –
ҚР ҚМ “Әскери техникалық мектебі” Петропавл филиалы директорының орынбасары:

– Бүгін серт беріп жатқан жігіттердің барлығы облыс пен қалада есепте тұрған әскери міндеттілер. Аз уақыттың ішінде олар мерзімді әскери қызметшілер секілді борыштарын атқарды. ҚР-ныңәскери қызметші және олардың мәртебесі” туралы заңына сәйкес негізінен 40 күндік оқуға 24 пен 27 жас аралығындағы жігіттер үміт арта алады. Ақылы негізде әскери қызмет өткерудің құны 263 мың теңгені құрайды.

Айту керек, елімізде 40 к
үндік әскери курстарды ұсынатын 15 әскери-техникалық мектеп жұмыс істейді.

 

Бахыт Садвокасов