Аптадағы маңызды жаңалықтар

ҚР Парламент Мәжілісінің депуттары Оқушылар сарайында болды

Бұл – енді бірер айдан соң қаламыздағы Жас өркен ауданының сәні болатын алып Оқушылар сарайы. Нысанның аумағы 15 мың шаршы метрді құрайды. Оның құрылысы өткен жылдың қыркүйегінде басталды. Содан бері жұмыстың шамамен 70% тындырылыпты. Енді, іске білек сыбана кіріскен мамандар қалған шаруаны атқарып жатыр.

Жомарт Қарсақбаев – «BI Civil Construction» ЖШС жоба жетекшісі, Астана қаласы:

– Қазір ішкі бөлу жұмыстары, инженерлік жұмыстар жүріп жатыр. Қазір мұндай 250-дей адам еңбек етуде.

Әсіресе, қызу шаруа ғимараттың екінші қабатында орналасқан конференция залында жүріп жатыр. Мұнда да мамандар ішкі өрлеу жұмыстарын атқаруда. Бұл жерде өңіраралық форум аясында Қазақстан мен Ресейдің Президенттері кездесу өткізбек. Бұл сәулетті нысанмен Парламент Мәжілісінің депутаттары танысты. Халық қалаулылары Мұхтар Ерман мен Сергей Звольскийге жақында жұршылық игілігіне тапсырылатын сарай жайлы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Серік Мұхамедив айтып берді.

Жалпы, Оқушылар сарайында 14 зертхана мен 30-дан аса кабинет жұмыс істемек. Оларда 3 жас ерекшелігіне бөлінгенжерлестеріміз ғылими-техникалық салалардың қыр-сырын меңгереді. Мұндай мүмкіншілікке ие нысанға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұхтар Ерман оң бағасын берді.

Мұхтар Ерман – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты


Бұл заманауи жоба. Бұл жерде 3 мыңдай бала көптеген үйірмелерге қатысады. Осылайша олар өнерге, білімге, ғылымға жақын болады.

Б
ұдан бөлек, әңгіме барысында Мұхтар Ерман облыстағы білім саласында алдағы уақытта атқарылатын басқа да жұмыстарды тілге тиек етті.

Мұхтар Ерман – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:


Республикалық бюджеттің қаржысына 120 білім ошағы күрделі жөндеуден өтеді. 4 мың компьютер сатып алынады. Одан бөлек, СҚМУ жаңа жатахана салынғалы жатыр.

Та
ғы, биылдан халық қалаулысы жатаханадан орын табылмаған студеттердің әрқайсысына пәтер жалдаулары үшін ай сайын 15 мың теңгеден ақша бөлінетіндігін де айтты. Бұл шаруаның барлығы депутаттардың бақылауында болмақ. Жалпы, елордалық меймандар өңірімізге жұмыс сапарымен апта басында келіпті. Олар бірқатар аудандарда болып, әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралаған.

Байболат Бектемірұлы