Спорт

«Er Janibek Cup» чемпионатына қатысушылар шаһарымыздың мұражайларын аралады

Бүгін Абылай хан резиденциясы мұражай кешені қазақстандық және шетелдік футболистерді қарсы алуда. Шекара асып келген спортшылардың барлығы этникалық қазақтар, бірақ өзге елдерде туып өскен. Ресей, Өзбекстан, Моңғолия және еліміздің Алматы мен Қостанай қалаларынан келген аяқ доп шеберлері музей ішін ерекше ынтамен аралады. Жеткіншектер ұлы қолбасшының теріскейдегі ордасына бас сұқандарына дән риза.

Абай Жусупов – «Достық» командасының ойыншысы, Қостанай қаласы:


Бізді жергілікті еріктілер мен ұйымдастырушылар жақсы қарсы алды. Петропавл қаласы керемет, тыныш қала. Айта кету керек, маған осы үш жүзді біріктірген Абылай ханның резиденциясы ұнады. Ғимараты өте әдемі қаланған. Аталмыш турнирге қатысушыларға, барлық қандас бауырларға сәттілік тілеймін! Халқымыздың ауызбіршілігі тек молая берсін.

Сондай-а
қ, жиылғандар тақ залын аралап, ондағы хан мүсінін, мұражайдағы жауынгерлердің қару-жарақтары мен киім-кешектерін, басқа да тарихи жәдігерлерді тамашалады. Бұл экскурсия атамекенінен жырақта жүрген қандастарымыздың ұлттық шежіремізден мол ақпарат алуына мүмкіндік берді.

Нариман Бер
ғалиев -«Әмір» футбол клубының төрағасы, Саратов қаласы, РФ:

– Петропавл қаласына бірінші рет келіп тұрмын. Қазақ елінің тарихымен жақсы таныспын деп айта алмаймын. Алайда, мұражайдағы экскурсиядан біршама қызықты деректерді көкейіме тоқыдым.

Ал Шерали Артықбаев Өзбекістаннан келген. Футбол турниріне қатысатын шетелдік «Қызыл ту» және «Бостандық» командаларының жаттықтырушысы қоластындығалырының бас жүлдені алатындарына нық сенімді.

Шерали Артықбаев – «Бостандық» және «Қызыл су» командаларының жаттықтырушысы, Өзбекістан Республикасы:

Дайындығымыз жақсы. Барлық спортшылар кішкентай кезінен футболмен айналысады. Бұл турнирде жеңіске жетеміз деп ойлаймын. Петропавл қаласы маған ұнады.

Футболшылардың келесі аялдамасы облыстық тарихи-өлкетану музейі болды. Бұл жерде меймандар ұлтымыздың танымал тарихи тұлғалары және халқымыздың тұрмыс-тіршілігі жайлы сыр шертетін тағы бірқатар тарихи жәдігерлерді тамашалады.

Альмира Жетпісбай