Білім

Биыл өңірімізде 9 білім ошағы жөндеуден өтеді

Бұл – өнер колледжі. Білім ошағының негізі 1975 жылы қаланған. Содан бері ол бірде-бір күрделі жөндеуден өтпеген екен. Қазір нысанның қасбеті толықтай қалыпқа келтіріліп жатыр. Ғимараттың сол жағында жұмыс қызу жүріп жатса, оң жақ бөлігіндегі шаруа аяқталды. Сондай-ақ, оның кіре берісіне мүмкіндігі шектеулі жандардың ыңғайлылығы үшін пандус орнатылмақ. Бұл жұмыстар сәуір айында басталған болатын.

Роза Кашенова – Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің директоры:

Қалыпқа келтіру жұмыстарына облыстық бюджеттен 47 млн. теңге қаражат бөлінді. Колледждің шатыры 2014 жылы, ал терезелері 2012 жылы ауыстырылған болатын. Одан басқа ешқандай жұмыстар жүргізілген жоқ. Жалпы барлық жөндеу шаралары жоспарға сәйкес тамыздың 3-інде аяқталуы тиіс. Мердігер – “Севказэнергострой” серіктестігі.

Петропавл
қаласының қызмет көрсету саласы коледжінде де маусым айының ортасынан күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінге дейін нысанның ауданы 1000 шаршы метрлік шатырының тең жартысы жаңасына алмастырылды. Сондай-ақ, колледждің ғимаратына жапсырмалап екі бөлмелі нысан тұрғызылған. Оның ауданы 77 шаршы метрді құрайды. Болашақта осы жерде колледж студенттері, атап айтсақ, болашақ кондитер, аспазшылар өндірістік тәжірибеден өтеді. Қазір нысандағы ішкі әрлеу жұмыстарын аяқтау ғана қалды. Жалпы бұл жұмыстарға облыс қазынасынан 17,5 млн теңге қаражат құйылған.

Алтынай Қожахметова – Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжінің директоры:

2016 жылы біздің колледж ғимаратының шатыры мен қосымша алаң кеңейтуге байланысты күрделі жөндеудің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалынды. Ал 2018 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінде жұмыстар жүріп жатыр. Басты мердігер – “Севказэнергострой” серіктестігі.

Бүгінгі таңда жоспарланған шаруаның 60 пайызы аяқталды. Нысан шілденің
со
ңында қолданысқа тапсырылады. Жалпы үстіміздегі жылы “Жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамту” бағдарламасының аясында өңірдегі 4 нысан жөнделсе, облыстық бюджет есебінен 5 ғимарат қайта қалыпқа келтірілмек. Бұл мақсатта барлық 9 нысанға 132,7 млн теңге қаржы жұмсалады.

Владимир Ткаченко – СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Оның ішінде 62 млн. теңге ғимараттардың сыртқы қасбетін қалыпқа келтіруге, 17,6-сы шатырды жөндеуге, 40 млны – терезелерді ауыстыруға және 16,3 млн. теңгесі – жылу жүйесін қалпына келтіруге бағытталады. Қазіргі таңда 3 ғимарат ағымды және күрделі жөндеуден өтті. Ол үшін 45,6 млн теңге жұмсалды. Жалпы барлық нысандардағы жөндеу жұмыстары жоспар бойынша тамыздың 15-не дейін аяқталуы тиіс.

Айта кеткен жөн, келесі жылы республикалық бюджет есебінен өңіріміздегі 120 білім ошағы жөнделмекші. Қазір шаруаны атқаруға қажетті жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалып жатыр.

Мөлдір Мақышева