Спорт

Бескөл ауылында “Ақ Бидай-2018” жазғы спорт мерекесі ашылды

Саят Ермек – тілші:


– “А
қ Бидай-2018″ жазғы спорт мерекесінің ашылу салтанаты бескөлдегі аты шулы “Құлагер” ипподромында өтуде. Мұнда 3 күн бойы облыстың 2 мыңға жуық бетке ұстар спортшысы 15 спорт түрі бойынша өзара мықтыны анықтайтын болады.

Азулы, ту
ған ауданының намысын қорғап шығуға қауқарлы саңлақтар додасының ашылу салтанаты дәстүрлі түрде атлеттер шеруінен басталды. Айта кеткен, жөн биылғы “Ақ бидайға” бақ таластыруға келген спортшылардың саны былтырғыға қарағанда 200-ге артық. Спорт мерекесінің басталуымен оларды өңір жетекшісінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров құттықтады.

Айдарбек Сапаров – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, басты байлыққа балаған. Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті бола алады. Сондықтан, спорттың бұқаралық сипатын дамыту мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі”,-деген болатын.

Кейін б
әйге байрағы көтерілді. Шынайы бәсеке мен олимпиадалық қозғалыстың символы саналатын спартакиада алауын бұл жолы еліміздің бетке ұстар палуаны, Қызылжар ауданының тумасы Аманғали Бекболатов жақты.

Спорт шеберлері, Қазақстан, тіпті әлем чемпиондары – дәстүрлі спорт мерекесінде сынға түсетін атлеттердің дәрежесі мен дайындығы мықты. Үш күн бойы олар “Ақ бидай” туының астында чемпион атағын сарапқа салып, туған өлкесінің намысын қорғамақ.

Ербол Успанов – жарысқа қатысушы, Айыртау ауданы:


Біз волейбол спортынан келдік. 13 жыл бойы “Ақ бидайдың” финалдық кезеңіне өтпеген. Осы уақыт аралығында бірінші рет келіп тұрмыз. Бапкерімізге рахмет! Біз үшін арнайы лига ашты. Жыл бойы ойнадық, сондықтан жарыста жеңеміз деп ойлаймын.

Үздік шыққан ауданға облыс әкімі темір тұлпар тігіп отыр. Алғашқы нәтижелер де жоқ емес. Спорттың барлық 15 түрі бойынша іріктеу сындары “Ақ Бидайдың” салтанатты ашылуына дейін ұйымдастырылған.

Сергей Мелехов – бас төрешінің орынбасары:


– Бірнеше спорт т
үрінен жеңімпаздар анықталып үлгерді. Командалық есепте Тайынша ауданы әзірге көш бастап келеді. Бірақ, болжауға ерте. Сондай-ақ, алғашқы күнде ерлер арасында диск лақтырудан облыс рекорды жаңартылды.

А
қтық бәсекелердің дені сенбіге жоспарланып отыр, ал әзірге іріктеу кезеңдері өтуде. Мәселен, футболдан жеңімпаз құрама айналмалы жүйе бойынша анықталады. Яғни 8 құраманың әрқайсысы бір-бірімен ойнап шығуы тиіс. Дәл қазір алаңда Қызылжар және Мамлют аудандарының жігіттері кездесудің екінші таймын өткізуде. Есеп әзірге 1:0. Бірақ матч аяғына 10 минут қалғанда алаң иелері басымдылықты еселей түсіп, жеңіске қол жеткізді.

Арман Ахметов – Қызылжар аудандық футбол командасының мүшесі:


Біз 4 ойын ойнадық. Екеуін жеңдік, екеуінде тең түстік. Мамлют ауданы жақсы дайындалып келіпті, бірақ біз өз үйімізде ойнаған соң басым түстік. Ертең Ақжарды жеңсек, ойындардың чемпионы боламыз.

Әйелдер арасындағы волейболдан да 8 құрама өнер көрсетуде. Үздік төрт команда әлдеқашан анықталып қойған. Қызылжар, Тимирязев, Жамбыл және Ғ. Мүсірепов аудандарының қыздары ертеңгі күні бас жүлдеге таласпақ. Ал бүгін аутсайдерлер өзара кездесулер өткізіп жатыр.

Саят Ермек – тілші:


– Футбол мен волейболдан б
өлек “Ақ бидай-2018″ жазғы спорт мерекесінің қатысушылары кір көтеру, баскетбол, жеңіл атлетика және еркін күрес сынды тағы 10 спорт түрінен сынға түсті. Жалпыкомандалық есепте жарыс қожайындары – Қызылжар ауданының құрамасы әзірге алда келеді. Бірақ болжауға әлі ерте. Алда тағы бір жарыс күні бар.

 

Саят Ермек