Қоғам

50 жылдан кейінгі сыныптастардың кездесуі

10 жыл бірге, 50 жыл жырақта. Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің алдына жиылғандар 1968 жылы осы ғимаратта негізі қаланған бұрынғы қазақ мектеп-интернатын тәмамдағандар. Араға жарты ғасыр салып, сыныптастар қайта қауышуда.

Алайда, бірнеше жыл бойы көрмеген жандарды бірден тану оңай емес.

Шағрап Құсаинов – №2 қазақ мектеп-интернатының 1968-ші жылғы түлегі:

– Дауысынан танисың кейде. Бет-әлпеті, түрі өзгерсе де, дауысы баяғыша қалған. Көбін, осылайша, танып жатасың.

Б
ұл жандар үшін мектептің әр қабырғасы, есігі, тіпті оның тұтқасына дейін ыстық. Математика, физика, қазақ тілі сыныптары, мектеп қоңырауы мен қара тақта. Білім ошағын бітіргеннен кейін жарты ғасыр өтсе де, оқу жылдарынан қалған естеліктер ұмытылған емес. Бұл – сол жылдардағы 10-шы Б сыныбының кабинеті. Қазір мұнда білім ошағының кітапханасы орналасқан. Іштегі өзгерістерге қарамастан, түлектер қай партада отырып, сабақта қалай жауап бергендерін еске алуда.

Бұл фото 1968 жылы – түлектер оқу ошағын бітіргенде жасалыпты. Мұнда жасы 17-18-дер шамасындағы үлкен өмірге енді ғана қадам басайын дет отырған адамдар бейнеленген. Сол уақыттан бері 50 жыл өтті. Суреттегі жандардың кескін-келбеті өзгергенімен, татулықтары, бір-біріне деген сезімдері сол баяғыша – мектеп кезіндегідей сақталыпты. Оқуда озат, спортқа жақын, тәртібі үлгілі оқушы болғандардың бірі – Маралбек Мұстафин. Юрий Гагарин космосты бағындырғанда, мектеп баласы да әуеде қалықтап ұшуды армандапты. Қойған мақсатыма, дос-жарандарым мен ұстаздарымның арқасында жеттім дейді зейнеттегі ұшқыш. Осылайша, түлек әуе кеңістігінде жалпы 8600 сағат өткізіпті.

Маралбек Мұстафин – №2 қазақ мектеп-интернатының 1968-ші жылғы түлегі:

Ол кезде ұшқыш болу деген әмбебап кәсіп еді. Біз жолаушыларды тасымалдау, аграрлы салада да жұмыс істедік.

Бойжеткендер мен бозбалалар
өз жолдарын тауып, актер, журналист, мұғалім мен ұшқыш сынды түрлі мамандық иесі атанды. Батыр да, ақын да ұстаздан үлгі алған демекші, жиынға осы жандарға 6 жыл бойы тәрбие беріп, оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына зор үлесін қосқан Дәметкен Айтбаева да келді.

Дәметкен Айтбаева – №2 қазақ мектеп-интернатының тәрбиешісі:


5-ші сыныптан, 10-шыға дейін өзім апардым. Ол кезде жан-жақтан жиылған, тәртібі онша емес балалар болды. Уақыт өте келе тәртіптері түзеліп, мектепті жақсы бітірді.

Бір партада отырып,
қоңырау кезінде дәлізде бірге жүгірген сыныптастар мен жылдар бойы білім нәрімен сусындатқан педагогтардың бірқатары өмірден өтсе, кейбірі кездесуге келе алмаған. Бірақ, олардың бірі де бүгін ұмыт қалмады.

Мұхамедияр Шаяхин – №2 қазақ мектеп-интернатының 1968-ші жылғы түлегі:

 

60 сыныптастың 14-і бүгінде өмірден өтті. Қазір мешітке барып, арамызда жоқ мұғалімдер мен қатарластарымызға Құран оқытамыз.

Т
үлектер кездесуіне бір сыныпта оқыған жандар екі жылдай дайындалыпты. Тағы олар 60 адамның өмірбаяны жазылған «50 жыл ғұмыр» атты кітап басып шығарған екен.

Эльмира Садвокасова