Без категории

Жұпсыз жібек құрттарын залалсыздандыру шаралары жүргізілуде

Эльмира Сәдуақасова – тілші:

– Жұпсыз жібек құрты орман алқаптары үшін зор қауіп төндіретін жәндіктердің бірі. Олар, әсіресе, қайыңның жапырағын сүйсіне жеп, ағаштың өсуіне кедергі келтіреді екен. Ал, азық таусылғанда, зиянкестер жасыл желекті талғамайды. Сондықтан, жәндіктермен күрес шараларын уақытылы жүргізу қажет.

Әдетте, бұл шаруа мамыр айында басталады екен. Себебі, дәл осы уақытта жасыл желек шығып, жібек құрты пайда болады. Биылғы ауа райының салқындығы жәндіктерге де өз әсерін тигізіпті.

Қайрола Байтеңізов – СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы:

– Биыл көктем суық болып, ағаш жапырақтары кеш шықты. Сондықтан, құрттар де кеш пайда болды. Олар шыққаннан кейін күн ыстық болса, 40, ауа райы суық болса 80 күн бойы жапырақпен қоректенеді.

Орман алшқаптарын өңдеу үшін «геркулес» және «ақкөбелек» препараттары қолданылады екен. Ол зиянкестердің 90 пайыздан астамын жоюға қауқарлы. Ал, өсімдіктің өзі мен аң-құсқа, адамға зияны жоқ. Жалпы, мамандардың сөзінше, жасыл желекке қауіп төндіретін жәндіктердің саны жыл санап азаюда. Мәселен, 2015 жылы 31 мың га алқап өңделсе, биыл бар болғаны 228 гектарға дәрі себу қажет.

Қайрола Байтеңізов – СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы:

– Үш ауданда бар. Аққайың – 43 га, Мамлют ауданында – 100,6 және Қызылжарда 84,4 га жерге жібек құрты тарап кеткен.

Өңірімізде жұпсыз жібек құрттарына қарсы өңдеу шаралары шамамен бір апта бұрын басталған. Жыл сайын жүргізілетін бұл шаруаға қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді екен.

Эльмира Сәдуақасова