Балалар

“Жасыл ел” жастар жасағы өз жұмыстарын қайта

Жазғы маусымда демалудың орнына, жасақ сапында жұмыс істеп жүргендердің бірі – Алуа Жайлыбаева. М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінің 3-курс студенті осылайша ата-анасына көмектесіп, шығындарын өзі көтермек ниетте.

Алуа Жайлыбаева – М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж студенті:

– Мен осы “Жасыл ел” бағдарламасында 2-ші жыл қатарынан жұмыс істеп келемін. Бұл бағдарлама арқылы еңбек еткеніме қуаныштымын. Бұнда бізді сумен қамтамасыз етеді, жалақымызды да уақытылы аламыз. Жаз маусымында үйде бос жатқанша, еңбек еткен тиімді деп есептеймін.

“Жасылелдікдіктерге” бүгін жүктелген жұмыс жауапты. Олар жаңа егілген ағаштардың арамшөптерін жұлып жатыр. Бұл қайыңдар мен шыршалардың жылдам өсуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ, студент жастардан құралған жасақ ормандағы қарағайлардың ескі бұтақтарын да шабуда.

Антон Шишканов – “Жасыл ел” жастар еңбек жасағының менеджері:

– Осы ауыл шаруашылығының базасында 35 адам, күніне 8 сағат бойы еңбек етеді. 18 ден 29 жасқа дейінгі студенттерге 55 мың теңге көлемінде жалақы төленеді. Бұдан бөлек, қаладағы саябақтарды, аулаларды күл-қоқыстан тазартатын арнайы жасақтар да бар.

Бүгінгі таңда жазғы жұмыспен 433 петропавлдық студент пен жеткіншек қамтылған. Айта кеткен жөн, биыл “Жасыл ел” жастар жасағының өкілдері тек ормандарда ғана емес, елді-мекендерде де көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізбекші.

 

Альмира Жетпісбай