Қоғам

Бірлік бар жерде, тірлік бар

Этносаралық және конфессияаралық келісім – Қазақстан халқы бірлігінің негізі. Бүгінгі кездесудің тақырыбы осындай. Сондықтан дөңгелек үстел басына жиылған мемлекеттік қызметішілер мен түрлі ұлт өкілдері оны әрі қарай сақтап, дамыта түсу жайын талқылады. Өңірімізді мекендеген барша этностар бір шаңырақ астында тату -тәтті ғұмыр кешуі тиіс. Сондай-ақ, бүгіндері өңір бойынша 10 конфессия өкілдері жұмыс істейді. Қазіргі таңда олардың да өз дінін ұлықтап, мерекелерін тойлауға ешкім кедергі келтірмейді.

Бағдат Мұқанова – СҚО дін істері басқармасының ақпараттық және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің басшысы:

– Барлық мемлекеттік мерекелерде діни өкілдері бір-бірін құттықтап, бірлесіп тойлатады. Осылайша діни қатынастар нығаюда.

Алуан түрлі ұлыстардың өз тілі мен мәдениетін сақтап, өркендетуге де жағдай жасалған. Сондықтан болар, еліміз тәуелсіздігін алған уақыттан бері теріскейде ұлтаралық қақтығыстар орын алып көрген емес. Мамандар егер ондай жағдайлар бола қалса, келіспеушіліктерді медиаторлардың көмегімен шешуге тырысамыз дейді. Бүгіндері медиация кабинеттері қалалық және облыстық соттарда құрылған. Ал облыстық ассамблеяда оның жұмыс істеп тұрғанына 2 жылдан асыпты.

Гүлбахша Мұсабаева – СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация кабинетінің меңгерушісі, з.ғ.к.:

– Қоғамда этносаралық қақтығыстар болмайды. Олар әлеуметтік-экономикалық мәселелерден туындайды. Сөйтіп, заңсыз этносаралық қақтығыстар туындайды.

Жыл басталғалы медиаторларға 100 шақты өтініш келіп түскен. Олардың барлығы бітімгерлікпен шешіліпті.

Магжан Ахмадина