Құқық қорғау органдары

Өңірде «Борышкер» жедел-алдын алу операциясы жүргізілуде

Тәртіп сақшылары осылайша көліктерді тоқтатып, борышкерлерге мемлекет алдындағы қарызын төлеу керектігін ескертуде. Өйткені жүргізушелірдің арасында айыппұлын төлемей тайраңдап жүргендер де бар. Жалпы жыл басталғалы өңірде 72 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық тіркеліпті. Солардың 35 мың 665-і бойынша заң бұзғандарға 272 млн теңге көлеміндегі айыппұл салынған.

Ербол Әбікеев – Петропавл қалалық ІІБ ӘПБ испекторы:


– Облыс аумағында шілденің 10-ы мен 12-сі аралығында «Борышкер» жедел-алдын алу шарасы өтуде. Оның мақсаты – әкімшілік қарызын өтемей жүргендерді анықтау. Осындай шараның екінші кезеңін айдың соңында өткізуді жоспарлап отырмыз. Біздер айыппұлын төлемеген көлік иелерін арнайы автокешенің көмегімен анықтаймыз. Аталмыш құрылғыны қолданып жүргенімізге біраз болды.

Аталмыш құрылғы көше бойымен ағылған көліктердің арасында бірден қарызы бар темір тұлпар иесін анықтай алады.

– В случае, если вам выпишут протокол, квитанцию нужно будет занести в УВД города Петропавловска, либо нам можете оставить. Если в течение 40 дней не оплатите штраф, то по постановлению частного судебного исполнителя, машина будет водворена на специализированную штрафстоянку. Все, счастливого пути.

Облыстық әкімшілік полиция басқармасының мәлімдеуінше, үстіміздегі жылдың алты айында мемлекеттік бюджетке 191 млн. теңге өндіріліп алынған. Қарызды қайтару көрсеткіші – 70,2 пайызды құрап отыр.

Магжан Ахмадина