Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жас өркен ықшам ауданындағы өзгерістер жалғасуда

Қалаға кіре берген меймандарды алғашқы болып Жамбыл көшесі қарсы алады. Сондықтан бұл даңғылда ескі маңдайшалар, сиқы қашқан қоршаулар мен тозған қабырғалар болмауы шарт. Бұған дейін өңір басшысы жергілікті кәсіпкерлерге ғимараттарының маңайын қалыпқа келтіру тапсырмасын қойған болатын. Алайда, өзгергені шамалы. Мәселен, «Петропавловск-Норд» компаниясына тиесілі мына аумақтағы жағдай өңір жетекшісінің көңілінен шықпады.

Кумар Аксакалов, аким СКО:

– По вашей территории вообще никаких движений.


Болат Рахимов, директор ТОО «Петропавловск-Норд»:

– Мы все, что могли сделали, покрасили…


– Нет. Этого не достаточно. Вы сегодня являетесь одним из основных перевозчиков. По автобусам. То, что в таком состоянии территория, я считаю, что это неправильно.

Шаһарға кіре берісте бірден көзге түсетін «Алхор» мен «Волна» дүкендері де алдағы уақытта қалыпқа келтіріледі. Ал көше бойында орналасқан мына жаңа тұрғын үйдің құрылысы қызу жүргізілуде. Мердігер – «Қазградстрой» компаниясы. Жұмысты желтоқсанда бастаған құрылысшылар қазір жоспардан бір айға кешігіп келеді.

Александр Авдеев, «Казградстрой» ЖШС бас директоры:

– Бірінші қыркүйекке дейін үйдің 12 қабаты көтеріледі, сондай-ақ, сыртқы қасбеті толықтай әйнекпен қапталады. Құрылыс басы желтоқсанға белгіленіп қойған еді, алайда қаражат тек сәуір айында қолға тиді. Сондықтан, бұл үш айдың орнын толтыруға тырысып жатырмыз. Қазір жұмыстың қарқыны сәл бәсеңсіді, бірақ үлгереміз, алаңдауға негіз жоқ.

Бұл баспанадан сәл әрірек 9 қабатты тұрғын үйдің де қабырғасы қаланып жатыр. 5 блоктан тұратын кешен 312 отбасына шақталған. Жаздың аяғына дейін алғашқы 3 қабатты көтеру жоспарланып отыр.

Кумар Аксакалов, аким СКО:

– 648 домов снесено? С учетом перспективы под больницы сколько домов еще примерно будет снесено?

Марат Тасмаганбетов, аким г. Петропавловска:

– Порядка 87 под больницы, под школу около 60 домов. 140 домов только для этих двух объектов.

Бұзылған жер үйлердің тұрғындары үшін ендігі кезекте пеш жағу, су тасу деген шаруа артта қалмақ. Өйткені, ескі баспаналарының орнына олар, қаладағы көпқабатты үйлерде сатылып жатқан пәтерлерге көшетін болады.

Кумар Аксакалов, аким СКО:

– Үйлерді бұзу арқылы біз қалалықтарды жайлы баспанамен қамтимыз. Бұған қоса, осы ауданда көпқабатты нысандар тұрғызылады. Осылайша, пәтер саны 2,5-3 есеге артпақ.

Жамбыл көшесінің сиқын бұзып тұрған нысандардың бірі мынау. Енді бұл ғимараттың орнына су жаңа тұрғын үй кешені мен сауда орталығы тұрғызылады.

– К первому сентября?

– Да, постараемся сделать. Входная группа, витраж, крыльцо.

– И здесь большие лэд-экраны.

Ал, теннис кортының алдында абаттандыру шаралары жүргізіліп, кішігірім парк жасалған. Бірақ, нысан маңайы көрікті болғанымен, ғимараттың құрылысы әлі аяқталмапты.

Берік Салданов, «Каз Эдем Строй Групп» компаниясының директоры:

– Отмостку сделали. Второй пожарный выход поправили. Сейчас ждем подъезд краски.

– Асфальт внутри завершили?

– Завершили на 100%.

Ашық корттар да алдағы уақытта қолданысқа тапсырылады. Құрылысшылардың сөзінше, егер ауа райы қолайлы болса, бұл жерде 25-ші шілдеден бастап теннис ойнауға болады. Қаламыздың көрікті нысандар қатарын Есіл мейрамханасы да толықтырмақ. Мұнда бұрынғы ғимараттан тек формасы мен балкондары ғана қалады. Алдымен, қасбеті өзгеріп, кейін дәліз және залдарында жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Құмар Ақсақалов СҚО әкімі:

– Залы өте жақсы, ерекше ғимарат болайын деп тұр. Бізге заманауи нысандар қажет. Оған қоса, мейрамхананың орналасқан жері де тұрғындар үшін ыңғайлы.

Аталған мейрамханада соңғы 30 жылда ешбір күрделі жөндеу жүргізілмеген екен. Ендігі кезекте, ішкі әрлеу жұмыстармен қатар, жасыл желектер отырғызып, көгал төсеу шаралары да жоспарланған. Айта кеткен жөн, келесі жылы қаламыздың орталық көшелерін абаттандыруда осы жасыл желек мәселесіне ерекше көңіл бөлінбек.

Эльмира Сәдуақасова