Мәдениет

“Фобия” хореографиялық спектаклі қойылды

Қараңғы бөлме. Мұнда жалғыз қалып қойған адамның іші қорқынышқа толады. Бұндай көріністер кейбірін тіпті есінен тандырады. Бұл – никтофобия деп аталады.

Ал, мына жерде бишілер клоунның киімін киіп, беттеріне сәйкесінше грим жасаған. Көңілді кейіпкер болғанына қарамастан, көптеген балалар кішкентайынан бұл жандардан жатырқайды. Бұл қорқыныштың да өз атауы бар. Ол – коулрофобия. Дәл осы хореографиялық спектакльде өнер сүйер қауым өз бойларында қорқыныш тудыратын фобияларын танып жатқан секілді. Әсерлі қойлымды жергілікті “Савансьер” хореографиялық мектебінің жетекшісі Юрий Мирошниченко мен оның ұжымы бір ай көлемінде дайындаған екен.

Юрий Мирошниченко – «Фобия» хореографиялық спектаклінің режиссері:
– Бұл біздің төртінші спектакіліміз. Бұған дейін де қызық қойлымдар ұсынған болатынбыз. ерекшелігіміз – біздің ұжым спекатакльді бір рет қана қояды. Кейін еш жерде қайталамаймыз. Бұл қойлымның басты мақсаты – адамның ішкі қорқыныштарын жеңу.

Үздіксіз әрекеттер, әсерлі костюмдер, грим және декорациялар. Мұның барлығы көрермен назарынан тыс қалмады.

–  Қойлым көңілімнен шықты. Өте әсерлі болды. Өз басым спектаклді тамашалай отырып бойымдағы бірнеше қорқыныштармен таныстым.

– Бүгінгі спектакль өте қызықты өтті. Балалардың өркені өссін.

Бір сағатқа созылған хореографиялық қойылымға 80-нен астам адам жұмылдырылды.

 

Дана Ешкенова