МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандықтар Астана күнін атап өтті

 

– Бүгін, яғни шілденің 6-сы Астананың туған күні. Елордамыздың құрылғанына 20 жыл толып отыр. Бас шаһарымыздың төл мерекесін тойлауды теріскей жұртшылығы бастап кетті. Жерлестеріміз таңсәріден бері облыс әкімдік маңындағы алаңға жиылып жатыр. Сәлден соң бұл жерде мерекел іс-шара өтетін болады.

Ел жүрегі Астаның туған күніне орай басты алаң ерекше безендірілген. Мұнда қаз-қатар шатырлар тігіліп, Елорданың 20 жылдығын бейнелейтін алып шарлар қойылыпты. Мұның бәрі мерейтойдың лебін сездіріп тұр. Көп кешікпей мерекелік іс-шара да басталды. Көпшілік алдында сөз алған облыс әкімі Құмар Ақсақалов жиналғандарды Астана күнімен құттықтап, бас қалының ел өміріндегі маңызын тілге тиек етті.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:


– Астананың 20 жылдық мерейтойын бүкіл еліміз зор қуанышпен қарсы алып отыр. Осы жылдар ішінде бас қаламыз “ЮНЕСКО” халықаралық ұйымының шешімімен “Әлем қаласы” деп танылды.

Бүгін Елордамыздың ғана емес, Елбасының да туған күні. Осыған орай салтанатты іс-шара өтіп жатқан алаң Тұңғыш Президент саябағы болып өзгергілді. Кейін кезек марапаттау рәсіміне келді. Айта кеткен жөн, бас қаланың өркендеуі жолында теріскейліктер де тер төкті. Міне жарқын мерекеде сол жандардың еңбегі еленіп отыр. Оларға ҚР және оның астанасының қалыптасу мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаев тағайындаған “Астана 20 жыл” мерекелік медалдары табысталды.

Мұндай құрметке Тайынша орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Анатолий Рафальский де бөленді. Ақ халатты абзал жан 1977 жылы қазіргі Астана, сол кездегі Целинаградтағы Медицина институтын тамандаған. Аталған қалада алған білімінің арқасында жерлесіміміз талмай еңбек етіп, облыстық денсаулық сақтау саласының өркендеуіне үлес қосып жүр.

Анатолий Рафальский – Тайынша орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері:


– Қазіргі Астананы жаңадан дүниеге келді деп айтуға толық негіз бар. Өйткені, мен білім алған жылдары қала қазіргідей келбетті емес еді. Ал, бүгін бәрі өзгеше. Елордамызда түрлі әлеуметтік маңызы бар заманауи нысандар салынды. Олардың ішіндегі медициналық ғимараттарды ерекше айтып өтуге болады.

Кейін, Астананың 20 жылдығына орайластырылған концерт те басталды. Сахнаға шыққан жез таңдай әншілер Елордаға арналған туындыларын шырқаса, мың бұралған ұл-қыздар би билеп, тойдың сәнін келтірді.

Тағы теріскейліктер алдында қазақстан эстардасының жұлдыздары да өнер көрсетті. Атай кетсек “Renzo” және “Aнumiдің” әншілері ортаға шығып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Мерекелік концертті тамашалап, мәре-сәре болып жүрген жерлестеріміз Астанаға арналған жылы лебіздерін де білдірді.

– Астана – басты ордамыз. Елордамыз өсіп, өркендей берсін.


– Астана – көрікті қала. Барған сайын тамсанамын.


– Бүгінгі мереке керемет өтіп жатыр. Әншілердің, бишілердің өнері ұнады.

Ал, мынау – Тұңғыш Президент саябағының іші. Мұнда Әлібек және Динара есімді жерлестеріміздің неке қию салтанаты өтіп жатыр. Тойдың үстінен түскен облыс әкімі Құмар Ақсақалов жастарға өзінің тілегін білдірді.

Кейін, өңір басшысы саябақтың ішімен жүріп өтті. Жолда музканттардың өнерін тамашалады. Сонымен қатар, спорт сүйер жастармен кездесті. Мына жерде воркаут өнерін жандарына серік еткен ұлдар дене шынықтырумен айналысып жатыр. Ендігі кезекте, алаңға арнайы жұмсақ жамылғы төсеп, маңайына жарық шамдар орнату керек деді облыс әкімі. Сондай-ақ, Құмар Ақсақалов қаламызда осындай тағы 5-6 жаттығу орнын жасақтауды тапсырды.

 

Байболат Бектемірұлы